ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Елімізде де жемқорлықпен күрес бағытындағы жұмыстар күшейіп, оның алдын-алу бойынша түсіндіру шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қалалық департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ұжымына семинар өткізді.

Семинар алдымен әскери қызметшілермен өткізілсе, одан кейін медициналық қызметкерлер мен бюджет қызметкерлерімен өткізілді.

Кездесу барысында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының тоғызыншы бағытында айтылған жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі сөз болды.

Семинар барысында қозғалған мәселелер жан-жақты талқыланып,                   іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнеролик көрсетілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *