ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ «Е-ҚЫЗМЕТ» ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ОҚЫТЫЛДЫ.

2019 жылы 8-13 сәуір аралығында «Персоналды басқару ұлттық орталығы» АҚ-ның өкілдерімен Шымкент қаласындағы мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметшілері «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін оқыту курстары өткізілді.

Оқыту курстардың мақсаты, жүйедегі жаңалықтарды жан-жақты біліп-тану болып табылады. Оқытуға қатысқандар  жүйені пайдалану бойынша негізгі оқыту, сондай-ақ кеңейтілген курсы өткізілді.

Оқытудың нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтіп және сертификаттар алды.

Бүгінгі таңда, мемлекеттік органдардың электронды құжатайналымға өтуге және цифрландыруды дамыту мақсатында, мемлекеттік қызметкерлердің аталған жүйені пайдалануды білуі аса маңызды және Агенттіктің басты тапсырмаларының бірі болып табылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *