ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Ағымдағы жылдың  28 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласы бойынша 2019 жылдың қорытындылары шығарылды.

Департамент басшысы Ә.Көмекбаев персоналды басқару қызметі жұмысының маңыздылығын атап өтіп, мемлекетттік қызметшілер тағылымдамадан өту бойынша жұмысты жандандыру, өңірдегі кадрлардың тұрақтамауына жол бермеу, сондай-ақ меритократия қағидаты бойынша қызметшілердің мансаптық өсуін арттыру қажеттігін атап өтті.

Кездесуде Департамент басшысы «е-қызмет» жүйесіндегі мемлекеттік қызметшілердің жеке деректерін өзектендіруді, негізсіз жұмыстан тыс уақытта жұмысқа шыққаны үшін жауапкершілігі бойынша ескеретті және мемлекеттік органдардың басшылары мен мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі жоғарлағандығын айтты.

Сонымен қатар, «ҚР Мемлекеттік қызметі» туралы Заңға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар бойынша өзекті мәселелер талқыланып, сондай-ақ барлық мемлекеттік органдардың біріңғай интернет-ресурсы бойынша бос лауазымдарға конкурс жариялау бөлігі түсіндірілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *