ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ ОРДАЛАРЫНЫҢ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНДА РЕЙДТІК ІС-ШАРА ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы                 іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің және қалалық білім басқармасының қызметкерлері мен қалалық Арнайы мониторингтік топ мүшесімен бірқатар орта арнаулы оқу орындарының жатақханаларына рейд жүргізді.

Басты мақсат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, студенттік жатақханалардың мақсатты пайдалануын, соның ішінде, өзге санаттағы азаматтардың және отбасылардың негізсіз тұруын болдырмау болып табылады.

Рейдтік іс-шара аясында, №4 колледжі мен Өнер және дизайн колледжі жатақханаларына бақылау жүргізілді.

Бақылау қортындысымен, жоғарыда аталған колледждердің жатақханаларында заңсыз жатқан студенттер жоқ екендігі және бос орындардың көптігі анықталды.

Осыған байланысты, аталған колледждердің басшылығы жатақханаға орналасуға өтініш білдірген студенттерге орынның жеткілікті екендігін атап өтті.

Аталған жатақханалардың студенттерінің сұхбатында жатақхана жағдайы жақсы екенін және орынды кедергісіз алғандығын атап көрсетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *