ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІКТІ ЖЕКЕ МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Бұл жайт, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) мен Шымкент қалалық ішкі істер департаментімен бірлесе қала аумағында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөліктерін демалыс және жұмыстан тыс уақытта жеке мақсатта пайдалану жағдайларын анықтау бойынша жүргізілген рейдтік іс-шара барысында анықталды.
Рейдтік іс-шара барысында қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланған 3 факт анықталған.
Атап айтқанда, ағымдағы жылғы 12 қазан күні сағат 22:34-те Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесінің бойында (Арғынбеков көшесінің қиылысы) Түркістан облысының білім басқармасы басшысына тиесілі мемлекеттік тіркеу нөмірі 107 AV /13 Toyota camry қызметтік автокөлігі тоқтатылды.
Автокөліктің құжаттарын қарау барысында жүргізушінің жолдама парағында оның медициналық тексеруден өткендігі жайлы белгі мен автокөліктің гараждан шығу және кіру мерзімдері көрсетілмеген.
Дәл осындай жағдай 2018 жылғы 12 қазанда сағат 20:48-де Шымкент қаласы, С.Бәйтереков көшесінің бойында (Әсем салтанат сарайының маңы) Түркістан облысының экономика басқармасына тиесілі қызметтік автокөлікті тоқтату барысында да анықталды.
Яғни, аталған автокөліктер оның жүргізушілерінің өз қалауы бойынша мерзімсіз басқаруда болған» – деп атап өтті Департаменттің бас маманы Е.Сейдалиев
Сонымен қатар, рейд барысында 12 қазан күні сағат 21:16-да Шымкент қаласы, Бақбаев көшесі бойындағы Шымкен әуежайының автотұрағында Түркістан облысы әкімінің аппаратына тиесілі мемлекеттік тіркеу нөмірі Х 088 ОК Toyota corolla қызметтік автокөлігінің жүргізушісі Е.Нурманов жұмыстан тыс уақытта қызметтік автокөлікті жеке мақсатқа пайдаланып жүргені анықталды.
Автокөлік жүргізушілері тиісті түсініктеме беруден бас тартты.
Осылайша, автокөліктерге жауапты болып бекітілген мемлекеттік мекеменің бірінші басшылары тарапынан мемлекеттік мүлікті тиімді және тек қызметтік мақсатқа пайдалануға және құжаттардың толық рәсімделуіне тиісті бақылау болмаған.
Анықталған бұзушылықтардың алдын алу және лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілін қарау үшін Департаменпен Түркістан облысы әкімінің аппаратына хат жолданды.
Алдағы уақытта осы тұрғыдағы іс-шаралар жалғасын табатын болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *