ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚОҒАММЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

Жемқорлықты азайту мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қоғамдық бақылау картасы» өз нәтижесін беруде.

Аталған қоғамдық бақылау картасы аясында Шымкент қаласы тұрғынынан қалалық М.Х.Дулати көшесінде жол апаты жиі болатындығын айтып, жол белгілерін өзгертуге ұсыныс берді. Аталған мәселені шешу мақсатында өтініш иесімен кездесу өткізіп, Арнайы мониторингтік топ мүшелері мен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері бірлесе М.Дулати және Ғ.Орманов көшесі қиылысындағы жаяу жүргіншілер өтпесінің аумағына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде  жаяу жүргіншілер өтпесінің аумағына 2.4 «Жол беріңіз», 3.24 (40) «Ең жоғары жылдамдықты шектеу», 4.1.2 «Оңға жүру», 7.2.1 (100 метр) «Қолданылу аймағы» жол белгілері орнатылды.

«Қоғамдық бақылау картасы» аясында аумақтық Департамент әлеуметтік желілерде арнайы парақшалары (Facebook, VK, Instagram) мен WhatsApp, Telegram                          (8-775-869-21-21) нөміріне хабарласуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *