ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫ КҮШЕЙТУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 4 қазан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қала әкімі аппаратының қолдауымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту және өзекті қылмыстық істердің және жасалған әрекеттердің себептерін қарастыру бойынша мәжіліс өтті.

Мәжіліске Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай, Департамент басшысы Ә.Көмекбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы М.Қарымсақов, Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Битеміров, қоғамдық кеңес және Арнайы топ мүшелері, жергілікті және аумақтық мекемелердің басшылары, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қатысты.

Іс-шараға төрағалық еткен Ә.Көмекбаевтың айтуынша, Мемлекеттік қызметшілер тарапынан бұзушылыққа көп жол беретін салалар бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, өрескел бұзушылықтарға мемлекеттік сатып алу саласында жиі жол берілетіні анықталған.

«2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Әдеп жөніндегі кеңеспен жалпы саны 68 тәртіптік іс қаралған болса, оның 6-ы (9 %) мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарға байланысты болып табылады. Сәйкесінше, 2018 жылдың 1-жартыжылдығының өзінде ОҚО бойынша жалпы 29 тәртіптік іс қаралған болса, оның 11-і (40 %) мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарға байланысты болып табылады» – деді Әли Амантайұлы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің штаб бөлім басшысы Ж.Садвокасов ҚР қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы негізінде, Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiнде баяндама жасады.

Жиын нәтижесімен Департамент тарапынан ҚР Қаржы министрлігіне                     іс-шарада көтерілген сұрақтар бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірлеп, барлық мемлекеттік органдарға жұмыста пайдалану үшін жолдауды ұсынды.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық деректері бойынша Агенттіктің 1424  Call-орталығы, сонымен қатар, азаматтармен тиімді кері байланыс орнату мақсатында                           +7 702 201 51 51 WhatsApp нөмірі және 51-51-51 сенім телефоны жұмыс жасайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *