Шымкент қаласында мемлекеттік қызмет мектебіне іріктеу басталды

Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Мемлекеттік қызмет мектебіне түсуге үміткер студенттердің іріктеу сынағы басталды.

ҚР Конституциясы, ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңы және мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексі бойынша сұрақтардан тұратын тестілеуден бірінші болып Мирас Университеті мен М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-нің  120-дан астам студенттері өтті.

Тестілеуге Шымкент қаласының барлық жоғары оқу орындарының 4 курс студенттері тегін қатыса алады.

Өз білімін растаған студенттер мемлекеттік қызмет мектебінде оқып, қаланың мемлекеттік органдарында тәжірибеден өте алады, бұл алдағы уақытта олардың мемлекеттік қызметке кіруіне ықпал етеді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басында Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының Кешенді жоспарына сәйкес Шымкент қаласында мемлекеттік қызмет мектебі өз жұмысын бастаған болатын.

Мектептің мақсаты – мемлекеттік қызметке талантты әрі белсенді жастарды тарту және мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік беру.

Қабылдау бойынша толық ақпаратты Департаменттің www.memkyzmet.kz ресми сайтынан, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан және  53-61-13 телефоны бойынша алуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *