ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ИНВЕСТОРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Брифинг барысында Бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету мәселесі талқыланды.

Әли Амантайұлының айтуынша Агенттік бастамасымен іске асырылып жатқан «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасының мақсаты – қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту болып табылады.

Осы жоба аясында  «KAZAKH INVEST»-пен бірлесіп, барлық қолжетімді ресурстарды пайдалана отырып, бизнестік қауымдастық пен инвесторларды олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау үшін барлық мүмкіндікті жасайтындығын жеткізді.

«Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы аясында Департамент пен «Бал текстиль» компаниясы арасында келісімге қол қойылған.  Аталған келісім аясында  50 млн. теңге құрайтын айыппұлдың алдын алынды.

Анығырақ айтқанда, «Бал Текстиль» компаниясы кілем жəне кілем өнімдерін өндірумен айналысатын ЖШС-і «Оңтүстік» Арнайы Экономикалық Аумағында тіркелген ірі кəсіпорын болып табылады. Компания өнімдерін шығару үшін шетелден шикізат өнімдерін алдырады.

Осы орайда, Заңмен белгіленген декларацияны тапсыру барысында техникалық қателіктер орын алып, жіберілген қателіктер бойынша  50 млн. теңгеге айыппұл салыну қаупі болған.

Алайда, аталған мәселе Агенттіктің Шымкент қалалық Департаментінің араласуымен жедел түрде шешімін тауып, жоғарыда көрсетілген қаражат компанияның бюджетінде  сақталған.

Брифинг барысында Департамент басшысы қаладағы инвесторлармен кері байланысты орнату маңыздылығын көтеріп, БАҚ өкілдерінен Департамент тарапынан «WhatsApp» (8-702-201-51-51), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz сайтында ашылған «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» айдары, сондай-ақ, facebook.com әлеуметтік желідегі Департаменттің арнайы парақшасы (Департамент по делам госслужбы и противодействию корруции по г.Шымкент) жұмыс жасайтындығы жөнінде кеңінен хабардар етуді сұрады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *