ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БІРІНШІ СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ҚЫЗМЕТІ ТАЛАПҚА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ МЕ?

Жуырда қаланың бірқатар мектептерінде «Жасырын тұтынушы» қоғамдық бақылау жобасы аясында іс-шара жүргізіліп, оқушыларды мектепке қабылдау кезінде заңнамада қаралмаған бала мен ата-ананың мекен жайы, ата-ананың жұмыс орнының анықтамалары, ата-ананың жеке куәліктері, баланың ЖСН көшірмесі сұратылатыны анықталды.

Тамыз айының алғашқы күні  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өңірлік Департаменті, Шымкент қалалық білім басқармасымен бірлесе білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді.

Күн тәртібінде білім мекемелеріне оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің талапқа сай жүргізілуі қаралды.

Кездесу барысында Депарамент тарапынан бұндай жағдайлар сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелі болуы мүмкін екенін айтып, білім беру ұйымдарының басшыларына қызмет алушыларды әуре сарсанға салмай, қызмет көрсету кезінде стандарттардың талаптарын сақтауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуін қамтамасыз ету керектігі түсіндіріліп, тиісті мектеп директорларына қатаң ескерту жасалды.

Тиісінше, орын алған кемшіліктерді болдырмау және алдын алу мақсатында Шымкент қалалық білім бөлімімен бірлесіп, кешенді шаралар ұйымдастыру мәселесі келісілді.

Сонымен қатар, азаматтар қызмет алу барысында бұзушылық фактілері орын алған жағдайда Департаменттің 51-51-51 сенім телефоны және 8(702) 201-51-51 WhatsApp нөмері, «memkyzmet.kz» сайты және «facebook.com» парақшасына  шағымдар мен ұсыныстар жолдай алады.

Сенім телефоны және әлеуметтік желілер арқылы түскен кез келген сұрақтарға Департаментпен өз құзыреті шегінде дереу тиісті шаралар қолданатын болады. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *