ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗЕДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗЕДІ

2019 жылғы 2 мамырда сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Н.Бұхарбаев пен С.Ауесханов мемлекеттік қызметшілердің әдебі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері (оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге қатысты арыз-шағымдар, ұсыныстар т.б.) бойынша қоғамдық қабылдау өткізеді.
Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – ол, азаматтар мен мемлекеттік органдардың арасындағы байланысты жақсарту, азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, жою болып табылады.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысында қызметті алушылармен қызметті көрсетуші тұлғалардың құқықтары мен міндеттері жайлы мағлұматтарға ие бола алады.
Қоғамдық қабылдауға алдын ала жазылу 8(7252) 53-62-30 телефоны арқылы және Департаменттің WhatsApp телефон 8-702-201-51-51 нөміріне хабарласуға болады.
Іс-шараның өтетін орны: Шымкент қаласы, Тәуке Хан даңғылы, 3үй

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *