ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Н.Бұхарбаев, Департамент басшысының орынбасары А.Шілманов пен қалалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Б.Қуанышбеков, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігінің басқарма басшыларымен (орынбасарлары) мемлекеттік қызметшілердің әдебі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері (оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге қатысты арыз-шағымдар, ұсыныстар т.б.) бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – ол, азаматтар мен мемлекеттік органдардың арасындағы байланысты жақсарту, азаматтардың әртүрлі сала бойынша шешімін таппай жатқан мәселелерін құзырлы органдар өкілдерінің қатысуында қарау, азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, жою болып табылады.

Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар мемлекеттік  көрсетілетін қызметтерді алу барысында қызметті алушылармен қызметті көрсетуші тұлғалардың құқықтары мен міндеттері жайлы мәліметтерге ие болса, жастар жағы болашақта мемлекеттік қызметке кіру тәртібі мен мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мен міндеттері жайлы мағлұматтар алды.

Сонымен қатар, қабылдауға келген аз.А.Алпысовтың жер қатынастарына қатысты мәселесі осы жерде құзырлы органдар өкілдерінің қатысуында өз шешімін тапса, аз.А.Артықбаеваның Шымкент қаласының №2 жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлеріне қатысты шағымы Департаментпен қаралатын болды.

Сондай-ақ, қабылдауда болған аз.Т.Құдайбергеннің жұмысқа орналасу бойынша мәселесі қабылдауға келген қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілі арқылы өз шешімін тапты.

Ал, М.Сагимбеков пен Ф.Мырзабекованың коммуналдық қызметтерге қатысты шағымдары «Нұр Отан» париясында коммуналдық саладағы жауапты мамандардың қатысуымен қаралатын болды.

Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдептілік талаптарын өрескел бұзу деректері орын алған жағдайда Департаменттің 51-51-51 сенім телефонына, Департамент facebook жүйесіндегі мекен-жайы: facebook.com/depshymkent  парақшасына және Департаменттің WhatsApp телефон 8-702-201-51-51 нөміріне хабарласуға болатыны жайында хабарландырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *