Шымкент қалалық №6 колледж ұжымымен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 16 қарашасында  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері №6 колледж ұжымымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шарада Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында қойылған негізгі міндеттер талқыланып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша оқу орындарының басшылары мен оқытушыларына ғана емес, сонымен қатар жастардың ата-аналарымен белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Дөңгелек үстелде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы бүкіл қоғамның, соның ішінде жастарды тәрбиелейтін оқу орындарының рөлі туралы баяндама жасады.

Кездесу соңында қатысушылар елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына қатысты өз пікірлерін білдіріп, өздерінің сабақ беру әдістерімен бөлісті және іс-шараға қатысушылар қызықтырған сауалдарға жауаптар алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *