ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТТЕ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТЕДІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Ашық есік күніне» қатысуға ниет білдірген барлық қатысушыларды шақырады.

Келушілерге уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпараттар ұсынылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға түсіндірме беріледі, әкімшілік ғимаратына экскурсия жүргізіледі.

Іс-шараны жүргізудің мақсаты департамент пен халық арасында сенімгерлік және серіктестік қатынасты орнату, сондай-ақ азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және жемқорлық көріністеріне төзбеуге тәрбиелеу болып табылады.

Іс-шара ағымдағы жылдың 28 ақпан күні сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы,3 (М.Әуезов атындағы ОҚМУ жанында).

Іс-шараға қатысуға ниет білдірген азаматтар әкімшілік ғимаратқа кіру үшін жеке куәлігімен келуі қажет.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *