ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Халыққа білікті тегін заң көмегін көрсету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Шымкентте ай сайын  “Маманнан кеңес” акциясы ұйымдастырылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, кезекті акцияны Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында өткізді.

Акция аясында заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша тұрғындарға Департамент қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 28.02.2020 жылы қаладағы барлық жергілікті атқарушы органдардың (сағат: 11:00 – 13:00 аралығында) және  аумақтық органдардың (сағат 15:00 – 17:00 аралығында) персоналды басқару қызметінің қызметшілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аталған бағыт бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жалғасын табуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *