ШЫМКЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢТАЙЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды.

Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізуді тапсырған болатын.

Осы тұрғыда, электронды түрде алу мүмкіндігі бар қызметтерді Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдар мамандары ХҚКО мен мекемелерге бармай электрондық портал арқылы алуларын қамтамасыз ету тапсырылды.

Бұған қоса электрондық қызмет алудың тәсілдері туралы арнайы қадам-қадамымен түсіндірілген мемлекеттік және орыс тілінде дайындалған бейнероликтер барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарға және қаламыздың 10 жоғарғы оқу орындарына жолданылды.

Сондай-ақ, анимациялық роликтер де әзірленіп, тұрғындардың заманауи мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды насихаттау мақсатында, Департаменттің memkyzmet.kz желісінен кезкелген адам өз қажетіне түсінік алу ыңғайластырылды.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 315-ке жуық өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасалуда.

Осы орайда, Департамент 2Гис компаниясымен бірлесіп, қоғам арасында үлкен танымалдыққа ие сервистік 2Гис мобилдік картасында қаламыздың өзіне-өзі қызмет бұрыштары орналастырылды.

Сондай-ақ, аталған бұрыштардың орналасу орындары және қызметі жөнінде арнайы 2 тілде бейнеролик әзірленді.

Жоғарыда аталған бейнероликтер арқылы тұрғындар хабардар етіліп, өзіне-өзі қызмет бұрыштары арқылы қызмет алуды жандандыру мақсатында қызмет етуде.

«Бұрындары қызмет алу үшін ХҚКО-да ұзақ кезектілікте тұрып, уақыт жоғалтатын едік, ал енді сол қызметтерді 2ГИС қосымшасы арқылы өзімізге ыңғайлы бұрыштар арқылы жылдам әрі тез қызмет алуға мүмкіндік туды деп, қала тұрғыны Ешанқұлова Айгерім өз пікірін блдіруде.

Жоғарыда аталған жұмыстардың әтижесінде, қазіргі таңда қаламыздың жергілікті атқарушы органдарымен 4,5 миллионнан аса көрсетілген қызметтердің 80%-нан астамы электрондық түрде көрсетілген.

Бұл жұмыс тұрақты жүргізіледі. Қызметшілір мен азаматтардың тікелей жолығуы 2 есеге азайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында Халықпен тиімді кері байланыс орнатуды алға тартып, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады деп атап өткен.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына халықпен қанағаттану деңгейін өлшеу мақсатында «Атамекен» ҰКП жанындағы IT-кеңеспен бірге «Цифрлық агент» (Digital agent) мобилдік қосымшасын іске қосты.

Google Play:

https://play.google.com/store/apps/details?id=com.automato.digitalagentapp&hl=ru

AppStore:

https://apps.apple.com/ru/app/digital-agent/id1441630994

Мобилдік қосымша арқылы халықпен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын, сыпайылық пен қызметкердің кәсіби этикасы, әкімшілік тосқауылдар, және оларды 5-балдық шкала бойынша бағалау іске асырылып, небәрі 5 минут уақыт ішінде тұрғындармен кері байланыс орнатып, мәселелерін шешуге бағытталған шаралар қолданды.

Департаменті қала әкімдігімен бірлесіп, мобильдік қосымшасы арқылы қызмет алу тәсілдері туралы 2 тілде бейнеролик әзірледі.

Аталмыш видеороликтер аумақтық және жергілікті атқарушы органдардағы экрандарда және мемлекеттік қызметшілердің дербес компьютерлеріне  орналастырылып, жергілікті телеканалдарда, қаламыздың «LED» және 10 ХҚКО-ның бөлімдерінің экрандарында тұрақты түрде көрсетілуде.

Қолданушылардың бағаларына Департамент және көрсетілетін қызметтерді берушілер жылдам әрекет етіп, әр өтінішке жеке-жеке мән беріп, пайда болған мәселелерді шешу кезінде мүмкіндігінше көмек көрсетілуде.

Шымкент қаласының тұрғыны Аманқұлов Қалдыбек мобилдік қосымшаның өте тиімді әрі тез жұмыс жасауын атап өтіп, өз алғысын білдіруде.

Бұл өз кезегінде, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруымен қатар, тұрғындардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімі артуы байқалады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *