«ШЫМКЕНТ – АДАЛ АЛАҢЫ» – ШЫМКЕНТТІКТЕР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТСІЗДІКТІ ЖОЮ

«Шымкент – адалдық алаңы» жолбасы аясында Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментімен, Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен және Арнайы мониторинг топ мүшелерінің қатысуымен техникалық байқаудың жалған диагностикалық карталарын беретін орындарды анықтау үшін «Жасырын сатып алушы» акциясы ұйымдастырылды.

Акция кезінде Шымкент қаласы аумағында техникалық байқаудың жалған диагностикалық карталарын сататын 2 орын анықталды. Анықталған орындарға жасырын сатып алу жүргізіліп, жинақталған мәліметтерге сәйкес, жалған құжаттар дайындау ісі бойынша шара қолдану үшін Шымкент қаласының полиция департаментіне ақпарат жолданды.

Осыған байланысты, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша Департаменті, Шымкент қаласы көлік прокуратурасы, Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидалары бойынша техникалық байқау операторлары арасында дөңгелек үстелде кездесу өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қалада автомобиль көлігіндегі қауіпсіздікті және адамдардың өмірі мен денаулығын қорғауды  қамтамасыз ету болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында автокөліктердің міндетті техникалық қарап-тексеруден өтуін ұйымдастыру және техникалық байқаудың жалған диагностикалық карталарын анықтау бойынша рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілетіні ескертілді.

Айта кетейік, аталған салада ұсыныстар мен ескертпелер бойынша Департаменттің «WhatsApp» (+7702 201 51 51), 51-51-51 сенім телефондарына хабарлама қалдыруыңызға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *