“Шымкент – адалдық алаңы” жобалық кеңсесі “Flexible Schedule” жобасын таныстырды

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта “Шымкент – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің ағымдағы жылдың І тоқсандағы жұмыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті.

“Болашақ” бағдарламасының түлектері қауымдастығының төрағасы және Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясының оқытушысы, Жобалық кеңсенің басшысы Ерасыл Төлебаев журналистердің алдында сөз сөйледі.

Ұлт Көшбасшысы Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасын кеңінен тарату қажеттігін белгіледі.

“Шымкент – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің мақсаты –  тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ азаматтардың өміріне қолайлы жағдай жасау.

Шымкенттік жобалық кеңсесінің маңызды құралдарының бірі – бұл азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдармен белсенді ынтымақтастық.

Өзара байланыс жобалық менеджмент идеологиясына негізделген, яғни күнделікті еңбектің тиімділігі мен нәтижелілігі басты постулаттар болып табылады.

«Біз Шымкент қаласы әкімдігінің (жобалық кеңсенің кураторы (қала әкімінің орынбасары – Д.Жумин), ҚР МҚІСЖҚА Шымкент қаласы бойынша департаментінің (со-куратор Ә.Көмекбаев) және Ұлттық Бюроның (со-куратор М.Карымсаков) қолдауымен Шымкентті еліміздің ең адал қалаларының бірі ету мақсатында жұмыс жүргізудеміз» – деді Е.Төлебаев.

Шымкентте жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы хабардар етуге рұқсат етіңіздер деп сөзін жалғастырған Е.Төлебаев, денсаулық саласында атқарылған жұмыстардан бастады.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласының медициналық мекемелерін жаңғырту және аймақтандыру бойынша іс-шаралар барысында, қалада орналасқан Түркістан облысының медициналық мекемелерінің  пациенттерді қабылдамауы себептен тұрғындар арасында әлеуметтік шиеленіс орын алды.

Осыған байланысты, бұл жағдай жобалық кеңсенің белсенді араласуымен шешілді, анығырақ айтқанда осы мәселені шешуге денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қосылып, қазіргі уақытта қалада орналасқан мекемелер тұрғындарды қабылдауды жүзеге асыруда;

– Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжіліс барысында “Шымкент – адалдық алаңы” жобалық кеңсесімен жұмыспен қамту орталығында түскі үзіліссіз икемді жұмыс уақытын ендіру бойынша  “Flexible Schedule” жобасы таныстырылды.

Енгізілген ұсыныстардың нәтижесі бойынша қала әкімі уәкілетті тұлғаларға тапсырма беріп, бүгінде түскі үзіліс бір сағатқа дейін қысқартылды және бүгінгі күнге түскі үзіліссіз қызмет көрсету кестелері әзірленуде;

– “ASHYQ SAULET” жобасы аясында сәулет саласында 12 мемлекеттік қызмет цифрландырылды.

Қазіргі таңда өтініштер онлайн қабылдануда;

– “SANKUR SHYMKENT” жобасы – халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған шипажайлық-курорттық емделуге электрондық кезек. Қызмет көрсетуді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде;

-“MEKTEPKE JARDEM” жобасы – Шымкент қаласының мектептерінде білім басқармасымен бірлесіп демеушілік көмек пен меценаттыққа арналған “электрондық платформаның” жұмыс істеу процедурасын әзірлеу;

– “SMART PARKING” жобасы – бірыңғай қалалық тұрақ кеңістігін құру. Автокөлік тұрағы үшін орындардың қолжетімділігі мәселелерін шешу. Қазіргі уақытта 5 “ақылды” тұрақ жұмыс істейді, апта сайын 2-ден ашылуда;

– Бизнес-супермаркет-қала кәсіпкерлеріне бір терезе әдісі бойынша барлық қызметтерді көрсету. Қазіргі таңда ашылуға дайындық жұмыстары жүргізілуде, ашылуы а. ж. 15 сәуірінде жоспарлануда;

– Жергілікті атқарушы органдардың жұмысына қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу бойынша басқарушылық эксперимент. 5 басқарма “open space” қағидаты бойынша орналастырылатын болады, бұл топтық жобалық жұмыстың, тиімді жоспарлау мен бақылаудың, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандырудың қазіргі заманғы қағидаттарын енгізуге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, жақын арада Шымкент қаласының аудандық әкімдіктері “Open space”технологиясы бойынша жұмыс форматына көшетіндігін хабарлады.

Айта кетейік, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының ғимаратында «Open space» форматында орналасқан (Тәуке хан даңғылы, 3А).

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *