ШЫМКЕНТТІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕСІ ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі О.Тастанов 2018 жылдың 11 қазанында
ҚР Перезиденттінің жанындағы «Мемлекеттік басқару академиясының» Шымкент қаласы бойынша филиалында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша дәріс өткізді.

 

Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі О.Тастанов  мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын атап өтіп, әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғанда өзін өзгертетін шешім қабылдайтынын, өзіне үлкен жауапкершілік жүктелетінін, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің басты міндеті халыққа қызмет көрсету болып табылатынын түсінулері қажет екендігін ескертті.

 

Сонымен қатар, әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмыстағы және одан тыс уақыттағы іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне қарап, жалпы мемлекеттік қызмет жүйесіне баға берілетінін, мемлекеттік қызметте кәсіби біліктіліктен басқа жеке қасиеттер де маңызды екендігін, сондай-ақ мемлекеттік қызметші қызмет орнында әріптестер арасындағы қарым-қатынаста, жұмыстан тыс уақытта, жұрт алдында және бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлегенде әдептілікті сақтау қажеттігін түсіндірді.

 

Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі О.Тастанов  жиын сонында мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдептілік талаптарын өрескел бұзу деректері орын алған жағдайда Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі ретінде Сіздерді жеке қабылдауға дайын екендігін жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *