ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТТЕР ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

2019 жылдың 17 сәуір күні жастар жылы аясында Агенттік, ҚАЗГЮУ университеті мен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ-мен бірлесе «Адал жастар – еліміздің гүлденуінің кепілі» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыреспубликалық жастар форумын өткізді.

Аталған форумға Департамент басшысы Ә.Көмекбаев, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев, Шымкент қаласындағы барлық ЖОО басшылығы мен студенттері, жалпы саны 150-ге жуық адам бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.

Төрағаның орынбасары Олжас Бектенов форумды аша отырып, іс-шараның басты мақсаты жастарға – кәсіби жолды таңдағанда, мансапты немесе жеке ісін құруда жас ұрпаққа көмектесетін маңызды хабарламаларды жеткізу екенін атап өтті.

«Мемлекет жастардың дамуына аз емес жағдай жасап жатқандығымен барлықтарыңыз келіседі деп ойлаймын. Алайда, тіпті ең тиімді мемлекеттік қолдаудың құралдары өзідігінен жұмыс жасамайды.

Кез-келген сәтте табысқа жетудің міндетті шарты – адал және таза еңбек. Тек адал еңбектің арқасындағы тапқан материалдық табыс нағыз қанағат әкеледі деп сенемін.

Оған тек ынта, мақсаттылық және күнделікті жұмыс қажет”, – деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, форум ашық пікірталас форматында өтті. Спикерлер ретінде журналистер, блогерлар, белсенді студенттік жастардың өкілдері, жас ғалымдар және кәсіпкерлер сөз сөйледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *