ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ЫҢҒАЙЛЫ ҒИМАРАТҚА АУЫСТЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Шымкент қаласының кезекті Қоғамдық кеңесіндеҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментікөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша бірнеше маңызды мәселелер көтерді.

Агенттіктіңмемлекеттік əлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2019 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша қоғамдық мониторинг нәтижесіне сәйкес Шымкент қаласында бірнеше назар аударарлық мәселелер талқыланды.

Мәселен, Әл-Фараби ауданы №1 ХҚКО ғимараты тар, автокөлік үшін тұрақтардың мүлдем қарастырылмағандығын, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жеткіліксіздігін және күту залдарында орындықтардың аздығына көп пікірлер айтылған.

Сонымен қатар, қаламыздың қызмет көрсету мекемелерінің қызметкерлеріне қатысты «қызметкерлердің біліктігі төмен», «дөрекі», «әдепсіз», «өте баяу» және т.б. сынды пікірлер білдіріп, қызмет көрсету нәтижесінің сапасына көңілдері толмайтындығы атап өтілген.

Кеңесте, Әл-Фараби ауданы №1 ХҚКО ғимаратын автокөліктердің кіріп шығуына қолайлы автотұрақтарұйымдастырылған,қызмет көрсету үшін қолайлы жағдай жасалынған кең ғимаратқа ауыстыру жөніндегі мәселелерді қарастыру ұсынылды.

Отырыста аталған мәселе толық талқыланып, нәтижесімен кеңес мүшелері, мүдделі органдар мен ұйымдар тарапынан түсіністік тауып, ортақ келісімге келіп, нақты шаралар қабылданатындығышешілді.

Қабылданған шаралар нәтижесіндемемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруымен қатар, тұрғындарға тиісті дәрежеде жағдай жасалатынына сенеміз.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *