ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЛІСІМДЕР ЖАСАЛДЫ

“Шымкент-адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жұмыс аптасы 1 млрд. теңгеден астам сомаға инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу туралы 4 келісімге қол қоюдан басталды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Жобалық кеңсемен бірлесіп, “Protecting Business and Investments” жобасын іске асыруда. Жоба аясында инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша жалпы соммасы 50 млрд. теңгеге жуық 15 келісімге қол қойылды.

Айта кету керек, Агенттіктің басым бағыттарының бірі бизнесті қорғау, инвестиция үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді жою және кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерін жою болып табылады.

P.S.

“Шымкент – адалдық алаңы” жобалық кеңсесі өңірдегі азаматтар мен бизнестің мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар тарапынан кез келген сыбайлас жемқорлықтың немесе бюрократия көріністеріне жол бермеу бойынша миссияны жүзеге асырады.

Жобалық кеңсе Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы,3а мекен-жайында орналасқан.

Осы ретте бизнес өкілдерін  «Protecting Business and Investments» жобалық кеңсесімен бірлесе жұмыс жасауға шақырамыз, сонымен қатар, memkyzmet.kz сайтында «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» айдары жұмыс жасайтындығын хабарлаймыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *