ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар арасындағы ынтымақтастыққты дамыту мемлекеттік саясаттың басты назарында.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 4 қазан күні Шымкент қаласы әкімінің мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен  қалалық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай, Департамент басшысы Ә.Көмекбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы М.Қарымсақов, Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Битеміров, қоғамдық кеңес және Арнайы топ мүшелері, жергілікті және аумақтық мекемелердің басшылары, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қатысты.

Отырыс барысында екі жыл бұрын Елбасының бастамасымен құрылған қоғамдық Кеңестер бүгінде бұқара мен биліктің ақылдасу алаңына айналғаны айтылып, қоғамдық кеңестің рөлін күшейту мәселелері талқыланды.

Жиында сөз алған Департамент басшысы Әли Амантайұлы сыбайлас жемқорлықпен күресте тек мемлекеттік органдар ғана емес, қоғам болып күресу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, Департамент басшысы қоғаммен кері байланыс орнату мақсатында Департаментте 51-51-51 сенім телефоны мен «WhatsApp»   (8-702-201-51-51) нөмірі іске қосылғандығын атап өтті. І жартыжылдықта аталған WhatsApp нөміріне азаматтардан 70-ке жуық өтініштер мен арыз-шағымдар келіп түскен.

«Білім саласы ең өзекті сала. Білім беруге бөлінген қаражаттың жыл сайын ұлғаюы олардың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етудің өзектілігін арттырады. Қазіргі таңда оқу орындарының өзінде жемқорлық кездесіп жатады. Олай деуге ата-аналардан үздіксіз ақша жинау фактісі негіз болып отыр. Қоғаммен кері байланыс орнату мақсатында WhatsApp нөмірін қосқан болатынбыз. 2018 жылдың І-жартыжылдығында 70-ке жуық арыз-шағымдар, өтініштер мен ұсыныстар келіп түссе, соның 40 пайыздан астамы білім саласына қатысты. Атап айтқанда, мектептердегі ақша жинау, мұғалімдердің жалақыларының уақытылы төленбеуі, директорлардың өкілеттіліктерін асыра пайдалануы, тағысын тағы. Осы мақсатта 26 қыркүйек күні мектеп, балабақша директорларымен де кездесу өткізілді» – деді Әли Амантайұлы.

Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Битеміров қоғамдық кеңес 2016 жылы 29 ақпанда қалалық мәслихаттың шешімімен құрылғандығын хабарлап, қазіргі таңға дейін кеңес тарапынан атқарылған жұмыстармен таныстырды.

«2018 жылы кеңес мүшелірмен азаматтардың құқытары мен міндеттеріне қатысты 20-ға жуық нормативтік-құқықтық актілердің жобасы қаралды. Тұрақты түрде әкім аппаратына қарасты мекемелердің бірінші басшыларының есебі тыңдалып отырады» деп атап өтті М.Битеміров.

Айта кетейік,  Қалалық кеңес құрамына 27 адам мүшелік етеді (оның ішінде, 4 адам ҮЕҰ, 1 – саяси партия, 1- БАҚ, 4- мәслихат депутаттары, ЭКО – 2, бизнес құрылымдардан – 3, қоғам қайраткерлері – 2, бюжеттік ұйымдар – 2, мемлекеттік органдар – 3, кәсіподақ – 1, басқа да салалардан 4 өкілден).

Іс-шара соңында кеңес мүшелері мен мемлекеттік органдардың алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс жасауға келісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *