Шымкентте мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуда

Мемлекеттік органдар жұмысының деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын көтере отырып, бизнес пен халыққа жеңілдетілген және жедел қызмет ұсыну – бүгінгі таңның басты міндеттерінің бірі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде жаңадан мемлекеттік қызметке қадам басқан қызметшілерге мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты жас қызметкерлердің мемлекеттік қызметтерді көрсету саласы бойынша сауаттылығын арттырып, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға дағдыландыру болып табылады.

Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері тарапынан                      14 мемлекеттік қызмет көрсететін Telegram-бот қызметін және egov.kz электронды үкімет порталы үшінші тұлға қызметі арқылы мемлекеттік қызмет алу тәсілдері түсіндіріліді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *