ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2018 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде Әдеп кодексінің талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

 

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі С.Забиров тарапынан жиналысқа қатысушыларға мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын атап өтіп, әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғанда өзін өзгертетін шешім қабылдайтынын, өзіне үлкен жауапкершілік жүктелетінін, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің басты міндеті халыққа қызмет көрсету болып табылатынын түсінулері қажет екендігін ескертілді.

 

Сонымен қатар, әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмыстағы және одан тыс уақыттағы іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне қарап, жалпы мемлекеттік қызмет жүйесіне баға берілетінін, мемлекеттік қызметте кәсіби біліктіліктен басқа жеке қасиеттер де маңызды екендігін, сондай-ақ мемлекеттік қызметші қызмет орнында әріптестер арасындағы қарым-қатынаста, жұмыстан тыс уақытта, жұрт алдында және бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлегенде әдептілікті сақтау қажеттігі түсіндірілді.

 

Оған қоса, жиналыс барысында мемлекеттік қызметшілердің сыйлық және сыйақы қабылдау мәселесіне ерекше тоқталып, Сыйлықтар берілген күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде ерікті түрде арнайы қорға тапсырылуы, ал алынған қаражат екi аптадан аспайтын мерзiмде республикалық бюджетке аударылуы қажет.

Осы ретте, аталған мерзімдердің бұзылуы қылмыстық не әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін негіз болатыны және атқаратын мемлекеттік лауазымдарынан босатылатынын атап өтті.

 

 

Шара барысында мемлекеттік қызметшілердің әдебі және Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялар жайлы бейнероликтер көрсетілді.

 

Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдептілік талаптарын өрескел бұзу деректері орын алған жағдайда Департаменттің 51-51-51 сенім телефонына, Департаменттің facebook жүйесіндегі мекен-жайы: facebook.com/depshymkent  парақшасына және Департаменттің WhatsApp телефон 8-702-201-51-51 нөміріне хабарласуға болатыны жайында ескертілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *