ШЫМКЕНТТЕ “ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАҺАНДЫҚ КӨЗҚАРАСЫ” АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 18 сәуір күні Түркістан жоғары аграрлық колледжінің базасында 2019 жыл – Жастар жылына орай “Жас ұрпақтың жаһандық көзқарасы” атты форум өтті.

Форумның ашылуына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, “Нұр Отан” партиясы, Қазақстандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, “Жасыл экономика” және G-global-ды дамыту Коалициясы, Қазақстандағы экологиялық ұйымдар Қауымдастығы, “Шымкент-адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің,  колледждердің, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған форум Қазақстандағы балалар үйі түлектері қауымдастығы мен «Жастарға жол» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.

Әр түрлі санаттағы жас спикерлер жастар саясатын жүзеге асырудағы өз жетістіктері мен проблемалары туралы, өзекті мәселелерді шешу бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Салтанатты ашылу рәсімі барысында форумға қатысушылар 4 сессияға бөлініп, түрлі мәселелерді талқылады.

МҚІСЖҚА Мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің басшысы                        И. Үйсімбаев, Агенттіктің Шымкент қаласы мен Түркістан, Жамбыл облыстары бойынша департамент басшылары  “Парасаттылық қағидаты” тақырыбында 3-ші сессияда сөз сөйледі.

«Биылғы жыл “Жастар жылы” деп жарияланды. Қоғамның даму процесін ілгерілетудің жетекші күші қазақстандық патриотизм, Отаны мен халқына деген сүйіспеншілік принциптерін ұстанған,  жүрегінде әділетсіздік пен пайдакүнемдікке орны жоқ жастар болып табылады» – деді МҚІСЖҚА департаментінің басшысы                        И. Үйсімбаев.

Іс-шара барысында қатысушыларды еліміздің білім беру орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан “Sanaly Urpaq” кеңсесінің жұмысымен таныстырды.

Сонымен қатар, жастар буынына “Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер” бағдарламасы аясында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған  Шымкент пен Түркістан облысының «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің жұмысы таныстырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *