ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАР МӘСЛИХАТЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Бұл туралы Шымкент  қаласы  Қоғамдық кеңесінің отырысында қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев ұсынды.

Іс-шараға қала әкімі Ғ.Әбдірахымов, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

«ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы өңірлердің бюджеттерін қалыптастыруға халықтың қатысу қажеттілігі туралы хабарлаған болатын.

Қалалық жастар маслихатын құру өңірдің дамуына жаңа серпін береді, жастарға өз пікірлерін ашық айтуға, сондай-ақ қаланы дамыту жөнінде нақты ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, аталған бастама үшін әкімдік пен қоғамдық кеңеске шын жүректен алғысымды білдіремін» – деді кеңес отырысына қатысқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев.

Жиында қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Ж.Қалтаев жастар мәслихатына сайлауға түсетін үміткерлердің кімдер бола алатынын атап өтті.

Оның айтуынша, жастар мәслихатына Шымкент қаласының аумағында тұратын 14-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мүше бола алады. Жалпы  мәслихат 29 жас депутаттан құралып, өкілеттілігі екі жылға созылады.

Жастарды қолдау – бұл еліміздің болашағына салынған инвестиция екенін алға тартқан қала басшысы сайлау ашық, әрі әділ өту үшін онлайн режимде өткізуді ұсынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *