ШЫМКЕНТТЕ «ЖАСАНДЫ НАУҚАС» ТЕАТРЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМЫ КӨРСЕТІЛДІ

Ағымдағы жылдың 9 қазан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Шымкент қалалық өзбек драма театрында «Жасанды науқас – Сохта бемор» комедиясы қойылды.
Аталған қойылымды Шымкент қаласының мемлекеттік қызметшілері, дәрігерлер, ұстаздар мен бюджеттік ұйым қызметкерлері және студенттер тамашалады.
“Жасанды науқас” атты шығармасы халықты күлдіре отырып ащы шындықты ашады.
Шығарма жемқорлыққа батып, одан құтылудың бір ғана амалын жындыханадан тапқан өтірік науқас туралы.
Қара халықтың азығына қол салып, қара бастың ғана қамын ойлаған қызметкер сымақтар өмірі мен өкініші баяндалады. Тіпті дөкейге жынды болудың жолын көрсеткен дәрігердің өзі бүгінгі күннің ақша десе ар-намысты ұмытатын бейнесін көрсетеді.
Комедияның басты мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлықпен қоғам болып күресуге шақыру болып табылады.
Айта кетейік, ағымдағы жылы Департаменттің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік, орыс тілдерінде театрландырылған қойылымдар қойылса, кезекті қойылым өзбек тілінде қойылып отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *