ШЫМКЕНТТЕ ЕМХАНАЛАР ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ КӨШУДЕ

2018 жылдың 9 айында Шымкент қаласы бойынша Денсаулық сақтау Басқармасында (бұдан әрі-Басқарма) 2 800 000-нан аса мемлекеттік қызметтер көрсетілсе, соның ішінде, электронды түрде 2 300 000-ға жуық қызмет көрсетілген.

Шымкент қаласы бойынша емханаларда электронды түрде көрсетуге мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің үлесін 100%-ға арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі-Департамент) Басқармамен бірлесіп, Шымкент қалалық емхана басшыларының қатысуымен отырыс өткізілді .

Отырыста, халықтың цифрлық сауатын арттыруға байланысты- egov.kz, Damumed, kazMedinform және K-Vrachu.kz мобильдік қосымшалары арқылы қызметтерді алу мүмкіндігі көрсетілген инфографика алгаритімі түсіндірілген жаднамалар таратуды және емхана экрандарынан мобильдік қосымшалары арқылы қызмет алуға болатыны туралы бейнероликтер көрсетуді қамтамасыз ету қажеттілігі талқыланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік  қызметтерді электронды түрде алуларына жағдай жасау мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» орнатылуын және арнайы кеңес беретін қызметкерлерді бекіту мәселесі қаралды.

Сонымен қатар, азаматтар қызмет алу барысында бұзушылық фактілері орын алған жағдайда Департаменттің 51-51-51 сенім телефоны және 8(702)201-51-51 Whatsapp нөмері, «memkyzmet.kz» сайты,«facebook» парақшасына шағымдар мен ұсыныстар жолдай алатындығын және сенім телефоны және әлеуметтік желілер арқылы түскен кез келген сұрақтарға Департаментпен өз құзыреті шегінде дереу тиісті шаралар қолданатындығы ескерілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *