ШЫМКЕНТТЕ БІРЫҢҒАЙ САҒАТ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қалалық білім басқармасы «Білім беру мекемелерінде парасаттылық және академиялық адалдық» тақырыбында кәсіптік және техникалық оқу орындарында және орта мектептердің 9-11 сынып оқушыларының арасында бірыңғай сағатын өткізді.

Аталған іс-шара 50 000-нан астам оқушылар мен студенттердің қатысуымен өтті. Бірыңғай сағат барысында сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер және тағы басқа түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының негізгі міндеттері мен бағыттары жан-жақты түсіндіріліп, білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мәселелер талқыланды.

Оқушылар мен студенттер пара беру және алу түсініктеріне байланысты сұрақтар қойып, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға байланысты пікірлерін білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *