ШЫМКЕНТТЕ АҚЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМАЛАР ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ҰСЫНЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Отырысқа медициналық ұйымдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының және Шымкент қалалық прокуратурасының өкілдері шақырылды.
Жиын барысында ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру (бұдан әрі – Анықтама) мемлекеттік көрсетілетін қызметі тегін көрсетілуі тиістігі жөнінде бір қатар мәселелер көтерілді.
Дегенмен қазіргі таңға дейін медициналық ұйымдар аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті ақылы түрде жүзеге асыруда.
«Анықтаманы (№083 нысан) арнайы лицензиясы бар емханалар 2700 теңге. Ал жеке медициналық ұйымдар 5000 – 8000 теңге аралығында ақылы түрде беретіндері талдау барысында анықталды» – деді Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Н. Саргалдаков.
Отырыста ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мемлекет тарапынан Анықтамаларды тұрғындарға тегін және қолайлы жағдайларда ұсыну мәселелері бойынша кеңінен талқылау орын алды.
Талқылау нәтижесінде жоғарыда аталған қызметті тұрғындарға оңтайландыру мақсатында тиісті ұсынымдар жолданатын болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *