Шымкентте «Адал ұрпақ» мектеп клубының мүшелері «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды

Бүгін, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты шарасы өтті.

Салтанатты іс-шараға үлгілі тәртібі және үздік оқуымен ерекшеленген қала мектептерінің 500 оқушысы республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінен өтті.

Іс-шара «Адал ұрпақ» мектеп клубы дабылшыларының өнерімен басталып, дабыл маршымен республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Туы әкелініп, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.

Жиында сөз сөйлеген Департамент басшысы Ә.Көмекбаев Елбасының салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделгенін жеткізіп, оқушыларды ұйымға қабылдануларымен құттықтады.

Болашағымыз өздеріңізсіздер, еліміздің тірегі болыңыздар деген Ә.Көмекбаев оқушыларды жақсы оқуға шақырды.

Қалалық білім басқармасының басшысы А.Абылайхан бүгін                   «Жас ұлан» ұйымдарына қабылданып жатқан үздік оқушыларды шын жүректен құттықтап, Тәуелсіздік – тірегіміз, Елбасы – көшбасшымыз екендігін айтып, барша қатысушыларды 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

Ұйымға қабылданатын барлық балалар «Қазақстан – Нұрсұлтан –               Жас Ұлан» сөзін ұрандап, соңынан құрметті қонақтар, еңбек ардагерлері, мектеп директорлары, ата-аналар дабыл маршымен оқушыларға галстук тағу рәсімін жүргізді. «Жас Ұлан» ұйымының анты беріліп, ұйымның әні хормен орындалды.

Жиын барша жасұландықтардың қатысуымен «Алға, «Жас ұлан» әнімен қорытындыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *