ШЫМКЕНТТЕ «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ

2018 жылдың 22 қараша күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаевтың, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұловтың, аумақтық және жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен мәжіліс өтті.

Күн тәртібінде Шымкент қаласында мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан тыс уақытта жұмысқа тарту және қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалану мәселелері, сондай-ақ,  мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының сақталуы мәселелері қарастырылды.

Іс-шарада баяндама жасаған Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Е.Жұмабаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттік тарапынан бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді. Оның айтуынша, жақында Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесе «Шымкент – адалдық алаңы» жобасын іске қосу жоспарлануда.

Жобаның басты мақсаты – азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыру болып табылады.

Жоба келесі салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өз қызметін жүзеге асырады:

–           Тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы жағдай жасау;

–           Қоғамдық бақылау жүргізу;

–           Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Сонымен қатар,Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылып отырған “Адалдық дүкенінің» М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ашылғандығын хабарлады. Сондай-ақ, осы тұрғыдағы дүкендерді Сіздер басқаратын мекемелерде, кәсіпкерлік орындарында мүмкіндігі бойынша ашуды ұсынды.

Жиын барысында ағымдағы жылдың 30 қарашасы сағат 17.00-де «Көрме» орталығында Департаменттің ұйымдастыруымен «Халықтық заңгер» жалпыреспубликалық акциясы өтетіндігі қатысушыларға жеткізілді.

Акцияның мақсаты кез-келген құқықтық мәселе бойынша халыққа білікті тегін заң көмегін көрсету болып табылады. Ерғали Тілесбайұлы қатысушылардан аталған акцияның өз деңгейінде өтуіне белсенділік танытуларын сұрады.

Сондай-ақ, басқарма басшысы 9 желтоқсан халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні екендігін атап өтіп, әр мекеме тарапынан осы күннің қарсаңында іс-шаралар өткізуді ұсынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *