ШЫМКЕНТТЕ АДАЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

“Шымкент-адалдық алаңы” жобасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Көмекбаевтың қала мектептері мен колледждердің директорларымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында қатысушылар жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеудің түрлі әдістерін, соның ішінде жастардың басты адами қасиеттерін тәрбиелеуге бағытталған “адалдық дүкендерін” іске асыруды қарастырды.

Іс-шара барысында Департамент басшысы Ә.Көмекбаев аталмыш бастаманы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жастардың адалдығын тәрбиелеу мақсатында Агенттікпен қолға алынғанын атап өтті.

“Әрине, бұл бірінші қадам болғандықтан, түрлі мәселелер де туындауы мүмкін. Кез келген стартап кең ауқымды маркетингтік жұмысты талап етеді. Қызмет алушылар “адалдық дүкені” механизмінің табысты іске асырылуына қызығушылық танытуы қажет. Қазіргі таңда, түсіндіру жұмыстарын №9,№20, №26 мектептердің оқушыларынан бастадық. Бұл жұмыс қажетті нәтижеге қол жеткізбейінше жалғасатын болады”, – деді Ә. Көмекбаев.

Сонымен қатар, кездесу соңында «адалдық дүкендері» бойынша шетел тәжірибесі бейнеленген бейнеролик көрсетілді. Аталған бейнеролик өзіндік сананы нығайтуға және сатушысыз дүкенді қабылдауға пайдасын тигізетін болады.

Айта кету керек, шараға білім басқармасы басшысының м.а. А.Текебаева, “Шымкент – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев және қаладағы 130 мектеп пен 10 колледж директорлары қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *