Февраль 21, 2017

Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға шетелдік жұмыс күшін тартуға

 «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші (облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары);

2) жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту бойынша қызмет көрсету кезінде www.e.gov.kz “электрондық үкімет”, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап:

көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) көрсетілетін қызметті берушіге немесе портал арқылы:

рұқсат беру – 41 (қырық бір) жұмыс күні;

рұқсатты қайта ресімдеу – 31 (отыз бір) жұмыс күні;

рұқсатты ұзарту – 8 (сегіз) жұмыс күні;

көрсетілетін қызметті алушы (шетелдік қызметкер) көрсетілетін қызметті берушіге:

жұмысқа орналасуға рұқсат беру және ұзарту – 31 (отыз бір) жұмыс күні;

жұмысқа орналасуға рұқсатты қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні..

 

Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе қайта ресімдеу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

1) маусымдық шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер);

2) өзге де шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде:

өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы (еркін нысанда) ақпаратты қамтитын құжат;

мәліметтер;

Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған болса, көшірмелері) нотариалдық куәландырылған аудармалары;

қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растайтын құжаттар қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпаратты қамтитын құжат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);

шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын болса, өзінің қызметкерлерін келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жібереді);

жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін жасалған келісімшарттың (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын болса, өзінің қызметкерлерін келісімшарт бойынша жұмысты орындау, қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жібереді);

жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шартының, келісімшартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған көшірмесі (шетелдік қызметкерлердің функционалдық міндеттерін күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орындауы қажет болған жағдайда);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (мына адамдарды қоспағанда: шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкерге, шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерiне, сондай-ақ шетелдік қызметкерлерге қатысты басым жобалар мен шығу елдері бойынша квоталар шегінде, арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс берушілерге берілетін рұқсаттар);

ауыстырылатын қызметкерлердің кәсіптерін немесе мамандықтарын, паспортта немесе жеке куәлікте көрсетілген деректерге сәйкес тегін, атын, әкесінің атын, ауыстыру мерзімін көрсете отырып, корпоративтік ауыстыру (егер шетелдік қызметкер корпоративтік ауыстыру шеңберінде тартылса) туралы шетелдік заңды тұлға берген хаттың және (немесе) келісімнің (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған аудармасы;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес рұқсат берудің ерекше шарттарын келісу нысаны (шетелдік жұмыс күшін тартуда шетелдік қызметкерлер қатарындағы: “Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң кәсiптерi мен мамандықтарының жiктеуiшi” 05-2008 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жiктеуiшiне енгізілмеген кәсіптер немесе мамандықтар бойынша жұмыс істейтін, этникалық қазақтар немесе бұрынғы отандастар болып табылатын адамдарға, сондай-ақ жұмыс берушілер қатарындағы: жұмыс берушілер қатарындағы кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту бағдарламасын іске асыратын және Қазақстан Республикасы азаматтарын жалдау, даярлау және шетелдік персоналды қысқарту бойынша міндеттемелері бар, технологиялық жабдықты іске қосу, ретке келтіру және монтаждау бойынша жұмыстарды орындайтын мердігерлерді қоса алғанда, 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасының тізбесіне енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын, “Өнімділік 2020” бағдарламасын іске асыруға қатысатын, жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша оң шешім алған, шетелдік жұмыс күшін басым жобалар және шығу елдері бойынша квота шегінде тартатын, шетелдік жұмыс күшін шетелдiк заңды тұлғалар өкiлдiктерiне тартатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері немесе мемлекеттік кәсіпорындары болып табылатын жағдайларын қоспағанда).

Қарашығанақ, Солтүстік Каспий және Теңіз жобаларының жер қойнауын пайдаланушыларына, сондай-ақ олардың операторларына, мердiгерлiк және қосалқы мердiгерлiк ұйымдары (қосалқы мердiгерлердiң өздерi тартатын ұйымдарды қоспағанда) үшін кадрдағы жергілікті қамтуды арттыру бойынша бағдарламасының нотариалдық куәландырылған көшірмесі (кадрдағы жергілікті қамту бойынша талаптарды таратпауды қажет болған жағдайда).

Қарашығанақ, Солтүстік Каспий және Теңіз жобаларының жер қойнауын пайдаланушыларына, сондай-ақ олардың операторларына, мердiгерлiк және қосалқы мердiгерлiк ұйымдары (қосалқы мердiгерлердiң өздерi тартатын ұйымдарды қоспағанда) үшін жер қойнауын пайдалану келiсiмшартынан, бiрлескен қызмет туралы шарттан, қызметтер көрсету шартынан нотариалдық куәландырылған үзіндісі (көшірме) (кадрдағы жергілікті қамту бойынша талаптарды таратпауды қажет болған жағдайда).

 

портал арқылы:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;

1) маусымдық шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер нысаны;

2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпаратты (еркін нысанда) қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

мәліметтер;

Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған болса, электрондық көшірмесі) нотариалдық куәландырылған аудармалары;

қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растайтын құжаттар қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпаратты қамтитын құжаттың (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде) электрондық көшірмесі;

шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған электрондық көшірмесі (егер шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын болса, өзінің қызметкерлерін келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жібереді);

жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін жасалған келісімшарттың (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған электрондық көшірмесі (егер шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын болса, өзінің қызметкерлерін келісімшарт бойынша жұмысты орындау, қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жібереді);

жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шартының, келісімшартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған электрондық көшірмесі (шетелдік қызметкерлердің функционалдық міндеттерін күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орындауы қажет болған жағдайда);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (мына адамдарды қоспағанда: шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкерге, шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерiне, сондай-ақ шетелдік қызметкерлерге қатысты басым жобалар мен шығу елдері бойынша квоталар шегінде, арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс берушілерге берілетін рұқсаттар);

ауыстырылатын қызметкерлердің кәсіптерін немесе мамандықтарын, паспортта немесе жеке куәлікте көрсетілген деректерге сәйкес тегін, атын, әкесінің атын, ауыстыру мерзімін көрсете отырып, корпоративтік ауыстыру (егер шетелдік қызметкер корпоративтік ауыстыру шеңберінде тартылса) туралы шетелдік заңды тұлға берген хаттың және (немесе) келісімнің (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған аудармасының электрондық көшірмесі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес рұқсат берудің ерекше шарттарын келісу нысаны(шетелдік жұмыс күшін тартуда шетелдік қызметкерлер қатарындағы: “Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң кәсiптерi мен мамандықтарының жiктеуiшi” 05-2008 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жiктеуiшiне енгізілмеген кәсіптер немесе мамандықтар бойынша жұмыс істейтін, этникалық қазақтар немесе бұрынғы отандастар болып табылатын адамдарға, сондай-ақ жұмыс берушілер қатарындағы: жұмыс берушілер қатарындағы кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту бағдарламасын іске асыратын және Қазақстан Республикасы азаматтарын жалдау, даярлау және шетелдік персоналды қысқарту бойынша міндеттемелері бар, технологиялық жабдықты іске қосу, ретке келтіру және монтаждау бойынша жұмыстарды орындайтын мердігерлерді қоса алғанда, 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасының тізбесіне енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын, “Өнімділік 2020” бағдарламасын іске асыруға қатысатын, жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша оң шешім алған, шетелдік жұмыс күшін басым жобалар және шығу елдері бойынша квота шегінде тартатын, шетелдік жұмыс күшін шетелдiк заңды тұлғалар өкiлдiктерiне тартатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері немесе мемлекеттік кәсіпорындары болып табылатын жағдайларын қоспағанда).

Қарашығанақ, Солтүстік Каспий және Теңіз жобаларының жер қойнауын пайдаланушыларына, сондай-ақ олардың операторларына, мердiгерлiк және қосалқы мердiгерлiк ұйымдары (қосалқы мердiгерлердiң өздерi тартатын ұйымдарды қоспағанда) үшін кадрдағы жергілікті қамтуды арттыру бойынша нотариалдық куәландырылған бағдарламасының электрондық көшірмесі (кадрдағы жергілікті қамту бойынша талаптарды таратпауды қажет болған жағдайда);

Қарашығанақ, Солтүстік Каспий және Теңіз жобаларының жер қойнауын пайдаланушыларына, сондай-ақ олардың операторларына, мердiгерлiк және қосалқы мердiгерлiк ұйымдары (қосалқы мердiгерлердiң өздерi тартатын ұйымдарды қоспағанда) үшін жер қойнауын пайдалану келiсiмшартынан, бiрлескен қызмет туралы шарттан, қызметтер көрсету шартынан нотариалдық куәландырылған үзіндісінің электрондық көшірмесі (кадрдағы жергілікті қамту бойынша талаптарды таратпауды қажет болған жағдайда).

 

көрсетілетін қызметті алушының (жұмыс берушінің) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

өтініш;

1) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпаратты (еркін нысанда) қамтитын құжат;

2) жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шартының, келісімшартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған көшірмесі (шетелдік қызметкерлердің функционалдық міндеттерін күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орындауы қажет болған жағдайда);

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (мына адамдарды қоспағанда: шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкерге, шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерiне, сондай-ақ шетелдік қызметкерлерге қатысты басым жобалар мен шығу елдері бойынша квоталар шегінде, арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс берушілерге берілетін рұқсаттар);

 

портал арқылы:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;

1) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпаратты (еркін нысанда) қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

2) жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шартының, келісімшартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариалдық куәландырылған электрондық көшірмесі (шетелдік қызметкерлердің функционалдық міндеттерін күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орындауы қажет болған жағдайда);

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (мына адамдарды қоспағанда: шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкерге, шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерiне, сондай-ақ шетелдік қызметкерлерге қатысты басым жобалар мен шығу елдері бойынша квоталар шегінде, арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс берушілерге берілетін рұқсаттар).

 

Жұмысқа орналасуға рұқсат алу немесе ұзарту үшін көрсетілетін қызметті алушы (шетелдік қызметкер) көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті:

1) мәліметтерді;

2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған аудармаларын (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған болса, көшірмелерін);

3) қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растайтын құжаттар қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпаратты (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде) ұсынады.

 

Жұмысқа орналасуға рұқсатты қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы (шетелдік қызметкер) көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

1) шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

 


 

1-қосымша

“Шетелдік қызметкерге жұмысқа
орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті
әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек
қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және
ұзарту” мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 

Нысан
_________________________________________
_________________________________________
(облыстың, Астана, Алматы қалаларының атауы)
жұмыспен қамтуды үйлестiру және
әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына
кiмнен ___________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)
ӨТIНIШ
_____________________ облысына (қаласына) ______ адамға, оның iшiнде:
бiрiншi санат бойынша – ____ адамға,
олардың iшiнде лауазымдары (кәсiптерi) бойынша: _____________________
___________________________________________________________________
екiншi санат бойынша – ____ адамға,
олардың iшiнде лауазымдары (кәсiптерi) бойынша: _____________________
___________________________________________________________________
үшiншi санат бойынша – ____ адамға,
олардың iшiнде лауазымдары (кәсiптерi) бойынша: _____________________
___________________________________________________________________
төртiншi санат бойынша – ____ адамға,
олардың iшiнде лауазымдары (кәсiптерi) бойынша: _____________________
___________________________________________________________________
маусымдық жұмыстарға – ____ адамға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудi / ұзартуды/ (қажеттiнiң астын сызу) сұраймын.
Жұмыс беруші туралы мәліметтер:
Жұмыс берушінің атауы: ______________________________________________
меншік нысаны _______________________________________________________
құрылған күні ______ жылғы “____”_____________
Қазақстан Республикасы әділет органдарында тіркелу туралы куәлік
___________________________________________________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
ЖСН____________________, БСН: _______________
жүзеге асыратын қызмет түрі _________________________________________
мекенжайы, телефоны, факс ___________________________________________
қоса берілетін құжаттар: ____________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесі (оның ішінде бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлікке):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Шетелдік қызметкерлер Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаның қызметкері болып табылған жағдайда, онда шетелдік заңды тұлға –жұмыс беруші туралы мынадай деректер толтырылады:
Шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің толық атауы: _________________
___________________________________________________________________
Резидент еліндегі тіркеу туралы деректер_____________________________
___________________________________________________________________
(мемлекеттік тіркеу №, күні және тіркеу органының атауы)
Резидент елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның баламасы
___________________________________________________________________
Жүзеге асырылатын қызмет түрі _______________________________________
Резидент елдегі мекенжайы, телефоны _________________________________
___________________________________________________________________
“Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қолданыстағы қағидаларымен және шарттарымен таныстым”.
Басшы _______________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
20__жылғы “___” ___________
Өтініш қарауға қабылданды 20__жылғы “__”_______________
___________________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты-жөні, қолы)
———————————————————————
(қию сызығы)
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болғна кезде) ____________________________________________ өтініші қоса берілген құжаттармен бірге қабылданды, өтінішті тіркеу күні 20___жылғы “_____” _______________
___________________________________________________________________
құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде), лауазымы және қолы


 

 2-қосымша

“Шетелдік қызметкерге жұмысқа
орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті
әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек
қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және
ұзарту” мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 

Шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер
____________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)

Р/с № Тегі, аты, әкесінің аты (паспортта көрсетілгендей латын әріптерімен) Туған күні (туған күні, айы, жылы), жынысы Азаматтығы/ тұрақты тұратын елі Латын әріптерімен паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні Білімі, мамандығының, біліктілігінің атаулары Қызметкер тартылатын кәсіптің (лауазымның) атауы
1 2 3 4 5 6 7

 

Жұмыс беруші: _________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
Ескерту: тартылатын шетелдік қызметкердің кәсібі (лауазымы) орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 “Кәсіптер сыныптауышы” Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.


 

3-қосымша

“Шетелдік қызметкерге жұмысқа
орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті
әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек
қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және
ұзарту” мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 

Нысан
Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат

Р/с
Жұмыс берушінің қызметкерлерінің саны, адам Тарту жоспарланған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам 3 баған + 5 баған 4 баған + 5 баған Шетелдік жұмыс күшінің қызметкерлердің жалпы санына қатысты %, 7 баған/6 баған *100%
барлығы оның ішінде шетелдік жұмыс күші
1 2 3 4 5 6 7 8
1 1 және 2 санат
2 3 және 4 санат
3 ЖИЫНЫ

 

Ескертпе: шетелдік қызметкер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда ол 5-бағанда есепке алынбайды.
Жұмыс беруші: ___________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)


 

4-қосымша 

“Шетелдік қызметкерге жұмысқа

орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті
әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек
қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және
ұзарту” мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 

 

 

Нысан
Рұқсат берудің ерекше шарттарын жұмыс берушімен келісу нысаны

Р/с № Тартылатын шетелдік қызметкерлердің Т.А.Ә. Жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкерлердің санаты, кәсібі (мамандығы) Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау, қайта даярлау біліктілігін арттыру жүргізілетін кәсіп (мамандық) және (немесе) құрылатын жұмыс орындарының саны көрсетілген ерекше шарттардың атауы Ерекше шарттарды орындау мерзімі
1 2 3 4 5

 

Келісілді: ____________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
___________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
______________________________ ______________________________________
(қолы, тегі, лауазымы) (қолы, тегі, лауазымы)
20 ___ жылғы “____” ____________ 20 ___ жылғы “____” _____________


 

5-қосымша

“Шетелдік қызметкерге жұмысқа
орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті
әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек
қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және
ұзарту” мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына

 

____________________________________________
____________________________________________
(облыстың атауы, Астана, Алматы қалаларының)
жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасына
кімнен _____________________________________
(шетелдік қызметкердің тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған кезде)
_______________________________________
(паспорт/жеке куәлік №, берілген күні
және берген орган)
ӨТIНIШ
_________________________облысында (Астана немесе Алматы қалаларында)
___________________________________________________________________
(жұмысқа орналасатын лауазымын (кәсібін) көрсете отырып)
жұмысқа орналасуға рұқсат беруді/ұзартуды сұраймын (қажетінің асты сызылсын)
Болжамды жұмыс орны: ________________________________________________
(жұмыс берушіні және оның мекенжайы көрсетілсін)
Қызметкер туралы мәліметтер
Мекенжайы, телефоны, факс ___________________________________________
Қоса берілетін құжаттар _____________________________________________
___________________________________________________________________
Резидент елдегі мекенжайы, телефоны _________________________________
___________________________________________________________________
Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қолданыстағы қағидаларымен және шарттарымен таныстым.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Қызметкер _____________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні)
20___ жылғы “___” ______________
Өтініш 20___ жылғы “__”________________ қарауға қабылданды
___________________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты-жөні, қолы)
———————————————————————
(қию сызығы)
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) _________________________________ өтініші қоса берілген құжаттармен бірге қабылданды, өтінішті тіркеу күні 20___жылғы “___” _____________
___________________________________________________________________
құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде), лауазымы және қолы