«Халықтық заңгер» жалпыреспубликалық акциясына шақырамыз!

Ағымдағы жылдың 30 қараша күні сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Халықтық заңгер» жалпыреспубликалық акциясы өтеді.

Акцияның мақсаты кез-келген құқықтық мәселе бойынша халыққа білікті тегін заң көмегін көрсету болып табылады.

Акцияға түрлі салалардағы 60-тан астам мамандар қатысады деп жоспарлануда. Атап айтқанда,  Ұлттық Бюро, прокуратура, әділет, мемлекеттік кірістер, сот органдарының  қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың заңгерлері,  кәсіби адвокаттар мен нотариустар.

Өтетін орны: «Көрме» орталығы, Шымкент қаласы, Астана даңғылы,12.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *