Февраль 22, 2017

Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру

Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11476 болып тіркелді

 

            Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығына 3-қосымша

           

«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Жалпы ережелер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау: (ОҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы)

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz, www.elincense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

 

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Мемлекеттік корпорацияға:

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, халықаралық сертификатын беру үшін мемлекеттік баж төленгендігін растайтын құжат;

техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы;

2) порталда:

порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, халықаралық сертификатын беру үшін мемлекеттік баж төленгендігін растайтын құжат;

техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы.

Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы жазбаша келісімді ұсынады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басты растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

Мемлекеттік корпорацияға – тиісті құжаттардың нөмірі және қабылданған күні туралы қолхат беріледі;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты және ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, төлем құжатты, жеке басын куәландыратын (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация нәтижелерді бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.


 

1-қосымша       

«Халықаралық техникалық байқау
сертификатын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
 

Нысан

_________________облысы (қаласы) бойынша жергілікті атқарушы органның  басшысына

 Халықаралық техникалық байқау сертификатын беруге Өтініш

_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

Мынадай автокөлік құралдарына халықаралық техникалық байқау
сертификатын беруді сұраймын:

Р/с
АКҚ маркасы Мемлекеттік нөмір Сәйкестендіру нөмірі (VIN)
       
       
       

ЖСН/БСН:
_____________________________________________________________________
Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
_____________________________________________________________________
(№ және қашан берілген)
Мекенжайы:___________________________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үй №, телефон, факс)

Қоса берілетін құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________________ __________________________________________________
(қолы)       (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

М.О.

20___ жылғы «____»_______________


 

2-қосымша         

«Халықаралық техникалық байқау
сертификатын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
    

нысан

_________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда
(бұдан әрі – Т.А.Ә) не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)

_______________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)

 

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ___ бөлімі
___________________ «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:

  1. ___________________________________________________________;
    2. ___________________________________________________________;
    3. ___________________________________________________________;
    4. ___________________________________________________________.
    Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
    Т.А.Ә. ____________________ ____________
    (ХҚО қызметкері)      (қолы)

Орындаушы: Т.А.Ә.____________________ Телефон: ________________

Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы «___» _________