Февраль 25, 2017

Халықаралық тасымалдау жол-көлік құралын тауарларды кедендік

“Халықаралық тасымалдау жол-көлік құралын тауарларды кедендік
пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік
беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары және кеден бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

жеке тәртіппен:

1) еркін нысанда жазылған өтініш және халықаралық тасымалдау көлік құралын қарап тексеруге бос күйінде әкелу;

2) Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 676 шешімімен (бұдан әрі – Шешім) белгіленген нысан бойынша жіберу туралы куәліктің бланкісі;

3) автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің конструкциясының сызбалары, фотосуреттері және егжей–тегжейлі сипаттамасы;

4) автомобиль көлік құралына, тіркемеге, жартылай тіркемеге қатысты жеке меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару немесе иелік ету құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;

5) автомобиль көлік құралын, тіркемені, жартылай тіркемені тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі.

Өтінішке қоса берілетін фотосуреттер мен сызбаларда автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің алдыңғы жағынан, артқы жағынан, сол жағынан, оң жағынан түрлері, сондай–ақ кедендік пломбалар мен мөрлерді салу үшін орындар көрсетілуі тиіс. Бір фотосуретте немесе сызбада бір мезгілде автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің көп дегенде екі түрін көрсетуге жол беріледі.

Көлік құралдарының конструкциясының (сериясының) типі бойынша:

1) автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің түрін, оның белгілері мен көрсетілетін қызметті алушы (дайындаушы) алдын ала тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберуге жататын көлік құралы конструкциясының типіне (сериясына) беретін тану цифрларын немесе әріптерін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған өтініш;

Өтініште, көрсетілетін қызметті алушы (дайындаушы):

көрсетілетін қызметті берушіге оларды конструкцияның (серияның) осы типіндегі автомобиль көлік құралын, тіркемені, жартылай тіркемені кез келген сәтте олардың сериялық өндірісі барысында қарап тексеруге мүмкіндік беретін жағдайлар жасауға;

көрсетілетін қызметті берушіні осы өзгерістер жүргізілгенге дейін конструкцияның (серияның) сызбаларындағы және сипаттамаларындағы кез келген өзгерістер туралы хабардар етуге;

автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің көрінетін жеріне конструкциясы (сериясы) типінің тану цифрларын немесе әріптерін, сондай–ақ сериямен шығарылатын аталған типтегі әрбір автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің тану немесе зауыт нөмірін салуға;

конструкцияның (серияның) жіберілген типіне сәйкес дайындалған автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің есебін жүргізуге жазбаша міндеттенеді;

2) Шешіммен белгіленген нысан бойынша жіберу туралы куәліктің бланкісі;

3) алдын ала тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберуге жататын автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің конструкциясының (сериясының) типінің сызбалары, фотосуреттері және егжей–тегжейлі сипаттамасы.

Көрсетілген құжаттардың көшірмелері салыстыру үшін түпнұсқамен табыс етіледі, кейіннен құжаттардың түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Күні, уақыты, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның қолы, тегі және аты-жөні бар өтініштің көшірмесіне белгі қою көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдауын растауы болып табылады.