Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 558 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 маусымда № 11354 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 558 бұйрығына 7-қосымша
«Халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Жалпы ережелер
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. (ОҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы)
Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күн ішінде;
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
меншiк құқығындағы теңіз кемесіне:
еркін нысандағы өтініш;
осы стандартқа қосымшаға сәйкес кеме тізілімінің сауалнамасы;
кемеге меншiк құқығын растайтын құжат;
жүзуге жарамдылығы туралы куәлiк (қолданылатын жағдайда);
өлшеу куәлiгi;
сыныптау куәлiгi;
жолаушылар куәлiгi (жолаушылар кемесi үшiн);
теңіз кемесiн мемлекеттiк тiркеу үшiн алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжат;
осы мемлекеттiң туын ауыстырғанға дейiн тiкелей тiркелген тiзiлiмнен шет мемлекеттiң кемесi алынып тасталғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын құжат;
жеке меншік иесінің тұлғасын куәландыратын (жеке тұлғаларға қатысты) немесе жеке меншік-заңды тұлғаланың мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (заңды тұлғаларға қатысты) құжаттар.
Теңіз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кеменiң тiркелуi жарамды болған жағдайда теңiз кемесiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiк және кемеге меншiк құқығы туралы куәлiк тек көшiрмелерi ғана ұсынылады.
Бербоут-чартер бойынша пайдалануға ұсынылған теңіз кемесіне:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы Министрлiгiнің шешiмнiң көшiрмесi;
теңіз кемесiн мемлекеттiк тiркеу үшiн алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжат.
Бербоут-чартер тiзiлiмiнде кеменiң тiркелуi жарамды болған жағдайда бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдiк теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiктiң көшiрмесi ғана ұсынылады.
Қосымша
«Халықаралық мемлекеттiк кеме
тізілімінде кемелердi мемлекеттік
тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
Кеме тізілімінің сауалнамасы
- Кеме атауы _______________________________________________________
2. Алдыңғы тiркелген порты (орны) және оны жою күнi/тоқтатып қою күнi
(егер мұндай жағдай орын алса)
_____________________________________________________________________
3. Сәйкестендiру нөмiрi ПТА _________________________________________
4. Шақыру сигналы ___________________________________________________
5. Типi және мақсаты, жүзу ауданы ___________________________________
6. Атауы, коды, сыныптау қоғамы, тiзiлiм нөмiрi, класс символы,
бiлiктiлiк куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi _____________________________
_____________________________________________________________________
7. Кеме өлшемi: ұзындығы ___ енi ___ борт биiктiгi __________________
8. Тiркелiмдiк сыйымдылығы: таза ______ жалпы _______________________
9. Барынша шөгу: жүк болғанда _______ балласта ______________________
10. Су үстi бортының биiктiгi _______________________________________
11. Жасалу жылы мен орны, кеме жасау верфiнің атауы
_____________________________________________________________________
12. Жоба нөмiрi _____________________________________________________
13. Жүк көтерiмдiлігi _______________________________________________
14. Корпус материалы ________________________________________________
15. Палубалар саны __________________________________________________
16. Басты қозғалтқыштың типi және жасалу орны _______________________
17. Басты қозғалтқыштың қуаты _______________________________________
18. Жүрiс жылдамдығы: жүк ____ буын, балласта ____ буын
19. Қозғалтқыш түрi, бұрама саны ____________________________________
20. Отын түрi _______________________________________________________
21. Танктер сыйымдылығы: отындық _____________, ауыз су _____________
22. Жүк трюмдерiнiң (танктерiнiң) саны, олардың шаршы көлемi ________
23. Жүктiк жарақтану ________________________________________________
24. Жолаушылар орнының саны _________________________________________
25. Желкен жарақтарының түрi ________________________________________
26. Мачта саны ______________________________________________________
27. Радиостанция, оның қуаттылығы ___________________________________
28. Құтқару шлюпкаларының ______________ салдардың ____________ саны
29. Рульдiк құрылғы _________________________________________________
30. Зәкiрлiк құрылғы ________________________________________________
31. Су ағызу, өртке қарсы құралдардың саны мен қуаты_________________
32. Өлшеу куәлiгi ___________________________________________________
(қашан, кiм берген, №, қолданылу мерзiмi)
33. Жолаушылар куәлiгi ______________________________________________
(қашан, кiм берген, №, қолданылу мерзiмi)
34. Жүзуге жарамдылық туралы куәлiк _________________________________
(қашан, кiм берген, №, қолданылу мерзiмi)
35. Сыныптау куәлiгi ________________________________________________
(қашан, кiм берген, №, қолданылу мерзiмi)
36. Меншiк иесi (меншiк иелерi, меншiк иелерiнiң әрқайсысына тиесiлi үлес)
_____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жерi, қандай мемлекеттiң құқығы
_____________________________________________________________________
бойынша тiркелген, басқару органының мекенжайы (заңды тұлғалар үшiн);
_____________________________________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты, азаматтығы, толық мекенжайы (жеке тұлғалар
үшiн), сондай-ақ телефоны, факсы, телексi, телетайпы, электрондық поштасы)
37. Кемеге немесе оған меншiк құқығындағы үлеске меншiк құқығының
туындау негiздемесі _________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сатып алу-сату шартының, кеме жасау шартының деректемелерi және басқалары)
38. Кеме иесi (иелерi) ______________________________________________
_____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жерi, қандай мемлекеттiң құқығы бойынша
_____________________________________________________________________
тiркелген, басқару органының мекенжайы (заңды тұлғалар үшiн);
_____________________________________________________________________
кеменi сенiмгерлiк басқару құқығында,
_____________________________________________________________________
шаруашылық жүргiзу құқығында, жедел басқару, бербоут-чартер
негiзiнде иеленушiнiң
_____________________________________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты, азаматтығы, мекенжайы, төлқұжат деректерi
(жеке тұлғалар үшiн), сондай-ақ телефоны, факсы, телексi, телетайпы,
электрондық поштасы)
39. Кемеге заттық құқығы, ауыртпалығы _______________________________
_____________________________________________________________________
(туындау негiзi, шарттың немесе құжаттың деректмелерi, мерзiмi, бенефициары)
40. Кеменiң меншiк иесiнiң немесе уәкiлеттi адамның қолы
_____________________________________________________________________
(кiм және кiм ретiнде сауалнамаға қол қояды, сауалнамаға қол қоятын
адамның өкiлеттiктерiнің негiздемесі, Т.А.Ә., паспорт деректерi)
Күнi ________________ М.О. (заңды тұлға үшiн, бар болса)