Февраль 22, 2017

Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру

Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11476 болып тіркелді

 

         Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығына 1-қосымша

 

         «Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

         Жалпы ережелер

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады. (ОҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы)

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезінен бастап: 1 сағат;

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттың 1-3-бағандарын толтырады, Толтырылған сертификат бланкісі көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне тапсырылады.

 


 

Қосымша

«Халықаралық жүк көлік құралдарын
 өлшеу сертификатын беру»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 стандартына