Февраль 25, 2017

«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11476 болып тіркелді

            Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығына 2-қосымша

           

«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

           

Жалпы ережелер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау: (ОҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы)

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz, www.elincense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.
 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 жұмыс күні.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы):

1) рұқсат беру куәлігі ақылы негізде;

2) рұқсат карточкасы тегін негізде көрсетіледі.

 

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жылжымалы құрамын мемлекеттік тізілімде мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) кезінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін, оның ішінде автокөлiк құралдарының паркiн көбейту кезінде:

ХҚО-ға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баж төленгендігін растайтын құжат;

автокөлiк құралдарын жалға алу шарттарының көшiрмелерi (автокөлік құралдары жалға алынған жағдайда);

тахографты тексеру туралы сертификаттардың көшiрмелерi (жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiн тiркеудiң бақылау құрылғысы).

ХҚО қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан құжаттардың электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

 

порталға:

порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баж төленгендігін растайтын құжат;

автокөлiк құралдарын жалға алу шарттарының электрондық көшiрмелерi (автокөлік құралдары жалға алынған жағдайда);

тахографты тексеру туралы сертификаттардың электрондық көшiрмелерi (жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiн тiркеудiң бақылау құрылғысы);

3) дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесінің аты, атауы және орналасқан жерi өзгерген, заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi өзгерген және қайта ұйымдастырылған, автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі ауысқан, автокөлік құралын сатып алған немесе жалға алған жағдайларда жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн:

 

ХҚО-ға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баж төленгендігін растайтын құжат;

автокөлiк құралдарын жалға алу шарттарының көшiрмелерi (автокөлік құралдары жалға алынған жағдайда);

тахографты тексеру туралы сертификаттардың көшiрмелерi (жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiн тiркеудiң бақылау құрылғысы).

ХҚО қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан құжаттардың электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

 

порталға:

порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баж төленгендігін растайтын құжат;

автокөлiк құралдарын жалға алу шарттарының электрондық көшiрмелерi (автокөлік құралдары жалға алынған жағдайда);

тахографты тексеру туралы сертификаттардың электрондық көшiрмелерi (жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiн тiркеудiң бақылау құрылғысы).

ХҚО қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан құжаттардың электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті ХҚО қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

ХҚО-ға – тиісті құжаттардың нөмірі және қабылданған күні туралы қолхат беріледі;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты және ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, төлем құжатты, жеке басын куәландыратын (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

ХҚО нәтижелерді бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға бұдан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, ХҚО-ның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО-на көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.


 

 1-қосымша     

  «Халықаралық автомобиль тасымалдарын 
 жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін  
және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет стандартына   
          

нысан

______________________________
(көліктік бақылау органының атауы)

 Рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алуға
Өтініш

____________________________________________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
немесе заңды тұлғаның атауы)

Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдарын жүзеге асыруға
рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын мынадай
автокөлік құралдарына беруді сұраймын:

Р/с
Автокөлік құралының маркасы Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі Ескертпе
       
       
       

ЖСН/БСН:
_____________________________________________________________________
Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
_____________________________________________________________________
(№ және қашан берілген)
Мекенжайы:___________________________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үй №, телефон, факс)

Қоса берілетін құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

______________________________ ________________________
(Т.А.Ә.)                     (қолы)

М.О.
(болған жағдайда)

20__ жылғы «___» __________ өтініш қарауға қабылданды

_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның жауапты адамының Т.А.Ә., қолы)


 

 2-қосымша           

«Халықаралық автомобиль тасымалдарын 
 жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін  
және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет стандартына   
нысан

_________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда
(бұдан әрі – Т.А.Ә) не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)

_______________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ___ бөлімі___________________ «Халықаралық автомобиль тасымалдарын (мекенжайды көрсету) жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат
карточкасын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды
қабылдаудан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген
тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас
тартады, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1. ___________________________________________________________;
2. ___________________________________________________________;
3. ___________________________________________________________;
4. ___________________________________________________________.
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. ____________________ ____________
(ХҚО қызметкері)      (қолы)

Орындаушы: Т.А.Ә.____________________ Телефон: ________________

Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы «___» _________