Февраль 25, 2017

«Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығы

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік Төтенше жағдайлар комитетінің облыстар, Астана мен Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жарғы көшірмесі;

3) авариялық-құтқару қызметінің және құралымының ұйымдық-штаттық құрылымы;

4) «Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10064 2015 жылғы 6 қаңтарда тіркелген) бекітілген нысаны бойынша жедел және арнайы көліктің және жабдықтың болуы туралы құжаттар көшірмелері;

5) оқу-материалдық база туралы ақпараттың (арнайы сыныптардың болуы, оларды жарақтандыру, оқу қалашығының схемасы, оларды орналастыру орындары);

6) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді;

7) қызметкерлердің авариялық-құтқару қызметінде және құралымдарында жұмыс істеуге жарамдылығын растайтын «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 2010 жылғы 21 желтоқсанда тіркелген) бекітілген 086/у нысанындағы медициналық анықтамалар, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалар негізінде жүргізеді.

 


 

Қосымша              

«Төтенше жағдайларды жою кезінде  
құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын субъектілерді
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына       
қосымша  

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК
Төтенше жағдайлар департаменті
(облыс немесе республикалық маңызы
бар қала көрсетіледі) басшысы
(бастығы) _________________ мырзаға

Аттестаттау өткізуге
өтініш

_______________________________________________________________
(ұйымның атауы)

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 27 бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,
Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарап,
авариялық-құтқару жұмыстарды жүргізу құқығына куәлік алу үшін
_____________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
аттестаттау өткізу сұрайды.

Қосымшалар:
1) қызмет көрсетілетін объектінің жоспарының көшірмелері;
2) ықтимал қауіпті объектілердің, аумақтардың және оларда болжанған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың негізгі сипаттарының көшірмелері;
3) өрт сөндіру автомобильдерінің өрттерді сөндіруге дайындығын техникалық байқау актілерінің көшірмелері;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жүргізетін жұмыс түрлерінің тізбесінің көшірмесі;
5) жарғының көшірмесі;
6) ұйымдық-штаттық құрылымының электрондық көшірмесі;
7) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға тікелей тартылатын құтқарушылардың жеке куәлігі мен кітапшаларының көшірмесі;
8) жедел көліктің, арнайы техниканың және жабдықтың болуы туралы құжаттардың көшірмелері;
9) оқу-материалдық база туралы мәліметтердің (арнайы сыныптардың болуы, оларды жарақтандыру, оқу қалашығының схемасы, оларды орналастыру орындары) көшірмелері.

_________________________________________    ________________________
(көрсетілетін қызметті алушының лауазымы)    (көрсетілетін қызметті
алушының қолы)