Февраль 25, 2017

Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару

“Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

1) халықаралық шарттың негізінде төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтініш (бұдан әрі – салықтық өтініш) бойынша төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім шығару – көрсетілетін қызметті алушы (резидент емес) оны берген күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде.

Бұл ретте салықтық өтінішті қарау мерзімі:

бюджеттен немесе шартты банк салымынан төленген табыс салығын қайтару мәселесі бойынша тақырыптық тексеру жүргізу;

мемлекеттік кірістер органы:

басқа салық органдарына, мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің құзыретті органдарына, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге ұйымдарға қажетті ақпарат беру туралы, сондай-ақ салықты қайтарып алуға байланысты мәселелер бойынша резидент емеске;

резидент еместі оның 2008 жылғы 10 желтоқсандағы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінің өтуі кезеңінде салық міндеттемелерін орындауы және Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің болуы не болмауы мәніне жоспардан тыс кешенді салықтық тексеру жүргізуге өкілдіктің немесе филиалдың орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына (егер резидент еместің Қазақстан Республикасында өкілдігі немесе филиалы болған жағдайда);

өтініші қаралып жатқан резидент еместің резиденттік елінің құзыретті органына салық агенті мен резидент еместiң өзара қарым-қатынастары туралы ақпарат беру (салық агенті таратылған, банкрот болған жағдайда) туралы сұрау салу жіберген күннен бастап осындай сұрау салуға жауап алған күнге дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады;

көрсетілетін қызметті алушы табыс еткен құжаттарды қараудан бас тарту туралы шешім шығару – салық органы оларды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

бюджетке табыс салығы төленген және салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, салық агентінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша – шешім қабылданған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Салық кодексінде көзделген тәртіппен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес бюджеттен табыс салығының сомасын қайтару;

 

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес салықтық өтініш.

Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, өтінішті резидент емес салық агенті орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына екі данада табыс етеді.

Егер салық агенті тігінен тікелей уәкілетті органға бағынатын салық органында орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген жағдайда, өтініш осы салық органына табыс етіледі;

2) жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге немесе өзге де мақсаттарға арналған келісімшарттардың (шарттардың, келісімдердің) нотариалды куәландырылған көшірмелері;

3) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері не сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен немесе резидент емес тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге осыған ұқсас құжаттан) резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) мен мажоритарлық акционерлері көрсетілген үзінді көшірме;

4) алынған табыс пен ұсталған (төленген) салық сомаларын растайтын бухгалтерлік құжаттардың көшірмелері;

5) резиденттік мемлекетінің құзыретті органы берген резиденттігін растайтын құжат немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы жалдаған қызметкер немесе басқа персонал болып табылатын резидент емес жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың және олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімдерін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Егер резидент емес депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша алынған табыстардан төленген табыс салығын халықаралық шарт негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтініш берген жағдайда, мынадай құжаттар қоса беріледі:

7) мыналарды:

резидент еместің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде);

депозитарлық қолхаттардың саны мен түрі туралы ақпаратты;

резидент еместің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін (жеке тұлға үшін), резидент еместің мемлекеттік тіркелу нөмірін және күнін (заңды тұлға үшін) қамтитын “Орталықбағалы қағаздар депозитарийі” акционерлік қоғамынан алынған шоттан үзінді көшірме;

8) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитентінің акционерлері жалпы жиналысының бір акция есебінде дивиденд мөлшері және дивиденд алуға құқығы бар акционерлер тізімінің жасалған күні көрсетіле отырып, белгілі бір кезең үшін дивидендтер төлеу туралы шешімі;

9) келіп түскен дивидендтердің сомалары бойынша валюталық шоттан үзінді көшірме;

10) мынадай:

табыс алушы резидент емес Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатын;

резидент емес резидент еместің резиденттігін растамада көрсетілген уақыт кезеңі ішінде резидент емес Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып танылатын;

егер резидент еместің резиденттігі уақыт кезеңі көрсетілмесе, резидент емес осындай құжат берілген күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып танылатын;

резидент еместің резиденттігін растамаға табыс алушы резидент емес резиденті болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті орган куәландырған болса;

Салық кодексінде немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, резидент еместің резиденттігін растайтын құжатты куәландырған органның қойған қолы мен мөрі, сондай-ақ шетелдік нотариустың қойылған қолы мен мөрі осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға жататын;

егер халықаралық шарт шеңберінде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің құзыретті органы резиденттікті растайтын құжатты заңдастырудың өзгеше тәртібін көздейтін өзара келісімге келген болса, онда көрсетілген тәртіп қолданылатын талаптарға сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының резиденттігін растайтын құжат;

11) құжаттар шет тілде жасалған кезде – осы тармақта көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен берілген мәліметтермен түпнұсқалығын салыстырып тексереді, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушылар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.алады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен, қабылдау күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушімен почта хабарламасына белгі қойылады.


 

Қосымша

“Төлем көзінен ұсталған табыс
салығын қайтару” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша