Февраль 22, 2017

Тұрғын үй көмегін тағайындау

 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығы)

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) Порталға өтініш берген кезде мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – күнтізбелік 10 (он) күн

 

Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Мемлекеттік корпорацияға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);

отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);

тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

2) порталда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттардың электрондық көшірмесі;

коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттардың электрондық көшірмесі;

телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың электрондық көшірмесі;

жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.


 

1-қосымша

«Тұрғын үй көмегiн тағайындау»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына          
     

 

Нысан

________ (қаланың, ауданның)
жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар
бөлімінің (облыстық маңызы бар
қалалардың және Астана мен
Алматы қалаларының)
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтiк бағдарламалар
басқармасының атауы

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш

Мен____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
_____________________________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмері, туған жылы)
тұрғын үйдің меншік иесі (жалдаушы) болып табыламын, жеке куәлік №_________, ____________________________ берген.
Тұрғын үйді күтіп-ұстауға және тұтынылған тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу үшін ___________________ мекенжайы бойынша тұратын ____ адам менің отбасыма тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраймын.

 

Өтініш берушінің отбасы мүшелері Т.А.Ә. Туған жылы Туыстық қатынасы Әлеуметтік мәртебесі

Өтінішке саны ____ дана қажетті құжаттарды қоса беремін.

Жеке шотының №____________, банктің атауы ________________________.

Күні: 20 _ жылғы «___» _________ Өтініш берушінің қолы _______