ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ

Қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасында қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде кездесу өтті.

Кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары К.Қабылбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова және басқарма қызметшілері қатысты.

Өз сөзінде департамент басшысының орынбасары К. Қабылбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет алдына қойған маңызды міндеттердің бірі болып табылатынын атап өтті. Бірде-бір мемлекет сыбайлас жемқорлықты толығымен жоюға қол жеткізе алмады, бірақ қоғамдағы жемқорлық деңгейін төмендету мүмкін. Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлық фактілерін жоюға бағытталған шаралар кешенін қабылдауды жалғастыруда. Бұған Орталық Азия елдері арасындағы 2018 жылдың нәтижелері бойынша Transparency International халықаралық ұйымының рейтингісінде Қазақстанның үздік нәтижесі дәлел (180 елден 124 орында).

Іс-шара барысында Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталаған «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысына кеңінен тоқталып, осы жоба аясында бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *