Февраль 22, 2017

Тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру

«Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығы).

 

Қызмет көрсетуші:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияны жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 10 (он) күн;
Қажетті құжаттардың тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат немесе паспорт (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);

3) жұмыс орнынан анықтаманы;

4) мекенжай анықтамасы ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген кезде тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі:


 

Қосымша   

 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан  
 берілетін тұрғын үйге немесе жеке 
 тұрғын үй қорынан жергілікті   
 атқарушы орган жалдаған тұрғын  
 үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу
 және кезекке қою, сондай-ақ    
 жергілікті атқарушы органдардың  
 тұрғын үй беру туралы шешім    
қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына       
          

Нысан

___________Астана және Алматы
қалаларының, аудандардың және
облыстық маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы органының
атауы
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
азамат(ша)_________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, бар болса)

   Өтініш

Маған, Сізден мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік
мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты
пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің
немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған
тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беруді сұраймын.
Менде және менімен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы елді
мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін
тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.

Қосымша: ________________________
_____________________________
(күні, қолы)