ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас мамандары М. Мергенбаева мен А.Колосков ағымдағы жылғы 12 сәуір күні «Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың салдары және оны жою» тақырыбында семинар өткізді.

 Іс – шараның мақсаты – Елбасының  халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының бесінші басымдығын түсіндіру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа байланысты қолданыстағы Заң талаптарына сәйкес қолданылатын жаза түрлері айтылды және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бағытында арнайы бейнероликтер көрсетілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *