Түркістанға алғашқы көшті қондырған – Департамент

Түркістан қаласы Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес облыстың орталығы болып бекітіліп Түркістан қаласына облыстың әкімшілік орталығын Шымкент қаласынан көшіруге шешім қабылданғаны белгілі.

Осы орайда еліміздегі қоғамымыздың тірегі, барлық бастамалардың көшбасшысы ретінде жүретін әрине – мемлекеттік қызметкерлер.

Қазақстандағы өңірлер ішіндегі жаңадан құрылған Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлер саны 8,0 мыңға жуықтайды. Бұл үлкен күш және ең сенімді тірек деп есептейміз.

Міне сондықтан болар осы қалың ормандай мемлекеттік қызметкерлердің басын біріктіріп отырған, үйлесімді жұмыс жасауын қадағалап қоғам мен халық арасындағы беделін сақтауда орасан зор қызмет атқарып келе жатқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің алар орны ерекше.

Міне осындай жауапкершілік пен міндеттің жүгін арқалаған Түркістан облыстық мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы мен жауапты қызметкерлері қызметтік жетекшілік қасиеттерін осы тарихи кезеңде де таныта білуде.

Яғни Шымкенттен Түркістанға қоныс аударып жатқан қызметкерлердің басым бөлігін біріктіріп отырған аумақтық органдар арасында бүткіл қызметкерлерімен Түркістан қаласының шығыс жақ беткейіндегі айналма жол бойында орналасқан заманауи ғимараттың үшінші қабатына көшіп келіп орналасқан және толыққанды қызметіне бел шеше кірісіп кеткен алғашқы Департамент атанып отыр. Осындай көшбасшылық қасиеттер сындарлы тарихи оқиғалар кезінде де бой көрсетуі барлық мемлекеттік қызметкерлерге үлгі, әрі үлкен серпін беретіні айқын. Олай дейтініміз жаңа ортада әлі де толық қалыптаса қоймаған жағдайларға бірден бейімделе қою қиын екендігі рас. Осы тұрғыда халық қызметшісі атанған қызметкерлерді жарқын болашаққа, биік белестерге бастаған Департамент ұжымына білдірер алғысымыз шексіз.

Қуаныштысы, жақын күндері Департамент жанынан  Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы  филиалының және болашағын мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келген үміткерлерге арналған тестілеу орталығының ашылуы да облыс орталығы Түркістан қаласының беделін айшықтай түседі.

Сондықтан Түркістан облысының барлық мемлекеттік қызметкерлері алғашқы көшті Түркістанға қондырған өздерінің рухани жетекшілері ретінде санайтын Департамент ұжымының құт қадамын жалғастырып, халыққа қызметтің озық үлгісін таныта берсін демекпіз.

Баспасөз қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *