Февраль 22, 2017

Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия бе

«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет)
жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығы).

 

   

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
        

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен кейін келесі күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта рәсімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
заңды тұлға – лицензиаты басқа заңды тұлғаға бөліп шығу, бөліну нысанында қайта ұйымдасқан кезде лицензияны қайта рәсімдеу – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Мемлекеттік корпорацияға лицензия алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 қосымшаға сәйкес белгіленген нысанында заңды тұлғалардың лицензия алуға өтініші немесе 2 қосымшаға сәйкес белгіленген нысанында жеке тұлғаның лицензия алуға өтініші;
жеке басын куәландырылатын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);
лицензияны алу үшін ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, қызметтің жеке түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
сақтандыру полисі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3 қосымшаға сәйкес туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны.
лицензияны қайта рәсімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 қосымшаға сәйкес белгіленген нысанында заңды тұлғаның лицензияны қайта рәсімдеуге өтініші немесе 5 қосымшаға сәйкес белгіленген нысанында жеке тұлғаның лицензияны қайта рәсімдеуге өтініші;
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпаратты қоспағанда, лицензияны қайта рәсімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте рәсімделген, бөлінген заңды тұлғаға лицензияны қайта рәсімдеу жүргізілген заңды тұлғаның келісімі туралы шешім (қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлінген нысанда);
сақтандыру полисі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3 қосымшаға сәйкес туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны.
Заңды тұлғалардың бөлінуі нәтижесінде туындаған біреуіне лицензияны қайта рәсімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарға сәйкес қосымша құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
лицензияны жоғалтқан, бүлдірген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін жүгіне алады:
себебі көрсетілген еркін нысандағы өтініші;
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензия телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаты.
2) порталда:
лицензия алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына 1 қосымшаға сәйкес белгіленген нысанында заңды тұлғалардың лицензия алуға өтініші немесе 2 қосымшаға сәйкес белгіленген нысанында жеке тұлғаның лицензия алуға өтініші, электронды құжат түрінде;
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
сақтандыру полисінің электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3 қосымшаға сәйкес туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны электронды құжат түрінде;
лицензияны қайта рәсімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 қосымшаға сәйкес белгіленген нысанында заңды тұлғаның лицензияны қайта рәсімдеуге өтініші немесе 5 қосымшаға сәйкес белгіленген нысанында жеке тұлғаның лицензияны қайта рәсімдеуге өтініші, электронды құжат түрінде;
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияны қайта рәсімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
ақпаратты мемлекетік ақпараттық жүйесінде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензиядағы қосымшаны қайта рәсімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте рәсімделген, бөлінген заңды тұлғаға лицензияны қайта рәсімдеу заңды тұлғаның келісімі туралы шешімінің электрондық көшірмесі (қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлінген нысанда);
сақтандыру полисінің электронды көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3 қосымшаға сәйкес туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны электронды құжат түрінде.
Заңды тұлғалардың бөлінуі нәтижесінде туындаған біреуіне лицензияны қайта рәсімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарға сәйкес қосымша құжаттардың және мәліметтердің электрондық көшірмелерін ұсынады.
лицензияны жоғалтқан, бүлдірген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана, лицензияның телнұсқасын алу үшін жүгіне алады:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦК-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу туралы) туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімді береді.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері электрондық құжат көшірмелерін салыстырып, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға:
Мемлекеттік корпорация арқылы – қабылданған құжаттардың тізбесі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкері, өтінішті беру күні мен нөмірі, сондай-ақ көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру күні көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде ұсынылған жағдайда, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкіліне), құжаттарлы қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға мемлекетті қызметті көрсету нәтижесін жібереді.


 

1-қосымша   

«Туристік операторлық қызметті  
(туроператорлық қызмет) жүзеге  
асыруға лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
Нысан

_________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
_________________________________________
(атауы, тұрғылықты орны, заңды тұлғаның бизнес
сәйкестендіру нөмірі (оның ішінде шетелдік
заңды тұлға),
_________________________________________
филиалдың немесе шетел заңды тұлғасының
_________________________________________
өкілдігінің бизнес сәйкестендіру нөмірі – егер
бизнес сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда

Заңды тұлғаның лицензия алуға өтініші

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.01.2016 № 78 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

__________________________________________________ жүзеге асыру
үшін
(қызмет түрінің атауын көрсету)
лицензия беруіңізді сұраймын
қағаз тасығышта ______ (қағаз тасығышта лицензия алу қажет
болса, Х белгісін қою керек)
Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________
(пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін) облыс,
_____________________________________________________________________
қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта______________________________________________
Телефон________________________________________________________
Факс___________________________________________________________
Банк шоты______________________________________________________
(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы _____________________________________
(пошта индексі, облыс, қала,
аудан,_______________________________________________________________
елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай)
нөмірі
Қоса беріледі___________парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензия беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері өкінішті ЭЦК-мен куәландыруға келісетіндігі («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгінген жағдайда) расталады.
Басшы _______ _________________________________________________
(қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Мөр орны               Толтыру күні 20 __ жылғы «___» _________


 

2-қосымша

«Туристік операторлық қызметті  
(туроператорлық қызмет) жүзеге  
асыруға лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
             

Нысан

____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
____________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты(бар болған
____________________________________________
жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі

Жеке тұлғаның лицензия алуға өтініші

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.01.2016 № 78 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

___________________________________________________ жүзеге асыру үшін
(қызмет түрінің атауын көрсету)
лицензия беруіңізді сұраймын
қағаз тасығышта ______ (қағаз түрінде лицензия алу қажет болса,
Х белгісін қою керек)
Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,
_____________________________________________________________________
көшенің атауы, үйдің/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта______________________________________________
Телефон________________________________________________________
Факс___________________________________________________________
Банк шоты______________________________________________________
(шот нөмірі, банк атауы және тұрған жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан,
_____________________________________________________________________
елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай)
нөмірі)
Қоса беріледі___________парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензия беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері өкінішті ЭЦК-мен куәландыруға келісетіндігі («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгінген жағдайда) расталады.
Көрсетілген қызметті алушы _______ ____________________________
(қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)

Мөр орны            Толтыру күні 20___жылғы «__»_______________


 

3-қосымша   

«Туристік операторлық қызметті    
(туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға
лицензия беру» мемлекеттік     
көрсетілетін қызмет стандартына   
Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары
мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне
сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

  1. Қалыптастырылған туристік өнім:
    1) қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік
    қызметтерді көрсетуге арналған үшінші тұлғалармен жасалған шарттың
    нөмірі ________________;
    2) шарт жасалған күні _______________________________________;
    2. Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар кемінде
    бір қызметкердің болуы;
    1) Мамандығы мен біліктілігі ________________________________;
    2) Лицензияланатын қызмет түрінің бейімі бойынша жоғары білімі
    туралы дипломның нөмірі ___________________________________________;
    3) Дипломның берілген күні __________________________________;
    4) Оқу орнының атауы ________________________________________;
    5) Туристік білімі бар қызметкердің еңбек өтілі _____________;
    3. Меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі кеңсеге
    арналған үй-жай: __________________________________________________.
    (кеңсеге арналған үй-жайға құқық белгілейтін құжаттың
    атауы, нөмірі және күні)

 

4-қосымша      

«Туристік операторлық қызметті  
(туроператорлық қызмет) жүзеге  
асыруға лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
Нысан

__________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
__________________________________________
(атауы, тұрғылықты орны, заңды тұлғаның
бизнес сәйкестендіру нөмірі
(оның ішінде шетелдік заңды тұлға),
__________________________________________
филиалдың немесе шетел заңды тұлғасының
өкілдігінің
__________________________________________
бизнес сәйкестендіру нөмірі – егер бизнес
сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда)

Заңды тұлғаның лицензияны қайта рәсімдеуге өтініші

Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.01.2016 № 78 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

_____________________________________________________________________
(лицензия нөмірі, берілген күні, лицензия берген лицензиардың атауы)
___________________________________________________ жүзеге асыру үшін
(қызмет түрінің атауы)
20__жылғы «__» _____ берілген №__ лицензияны қайта
рәсімдеуіңізді сұраймын.
Мынадай негіздеме(лер) бойынша (қажетті ұяшықта Х белгісін қойыңыз):
1) «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34–тармағымен белгіленген тәртіпке сәйкес лицензиатты – заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (қажетті ұяшықта Х белгісін қойыңыз):
бірігу______
қайта құру_____
қосылу____
бөліну_____
бөлу______
2) лицензиат – заңды тұлға атауының өзгеруі___________________;
3) лицензиат – заңды тұлғаның тұрған жерінің өзгеруі _________;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы
талаптың болуы______________________________________________________;
5) қызмет түрі атауының өзгеруі ______________________________;
қағаз тасығышта____(қағаз тасығышта лицензия алу қажет болса, Х
белгісін қою керек).
Заңды тұлғаның мекенжайы_______________________________________
(ел-шетелдік заңды тұлға үшін, пошта индексі, облыс, қала,
аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жай) нөмірі).
Электрондық пошта______________________________________________
Телефон________________________________________________________
Факс___________________________________________________________
Банктік шот____________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және тұрған жері)
Қоса беруледі____________парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер мен байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензия беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілген қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері өкінішті ЭЦК-мен куәландыруға келісетіндігі («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгінген жағдайда) расталады.
Көрсетілген қызметті алушы _______ ____________________________
(қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

Мөр орны           Толтыру күні 20____ жылғы «__»______________


 

5-қосымша    

«Туристік операторлық қызметті  
(туроператорлық қызмет) жүзеге  
асыруға лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
Нысан

____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
____________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
_____________________________________________
жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі

Жеке тұлғаның лицензияны қайта рәсімдеуге өтініші

Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.01.2016 № 78 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

_____________________________________________________________________
(қызмет түрінің атауы)
жүзеге асыру үшін берілген 20___ жылғы №___ «__» лицензияны
_____________________________________________________________________
(лицензия нөмері, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың
атауы)
келесідей негіздемелерге байланысты (тиісті торда Х белгісін
көрсетіңіз) қайта рәсімдеуіңізді сұраймын:
1) дара тұлға-көрсетілетін алушының _______ тегінің, атының,
әкесінің атының (бар болса) өзгеруі;
2) дара кәсіпкер-көрсетілетін алушының қайта тіркелуі, оның
атауының өзгеруі _______;
3) жеке кәсіпкер-көрсетілетін алушының қайта тіркелуі, оның
заңды мекен-жайының өзгеруі _________;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы
талаптардың болуы _________;
5) қызмет түрінің атауының өзгеруі _________;
қағаз түрінде _______ (лицензияны қағаз түрінде алу қажет
болса, Х белгісін қою).
Жеке тұлғаның тұратын жерінің мекенжайы _______________________
(пошталық индекс, облыс, қала,
_____________________________________________________________________
аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық пошта _____________________________________________
Телефон _______________________________________________________
Факс __________________________________________________________
Банктік шот ___________________________________________________
(шот нөмері, банктің атауы және орналасқан жері)
Қосымша _____ бетте.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер мен байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензия беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге сотпен лицензияланатын қызмет түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері өкінішті ЭЦК-мен куәландыруға келісетіндігі («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгінген жағдайда) расталады.
Көрсетілген қызметті алушы _______ ____________________________
(қолы)    (тегі,аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

Мөр орны           Толтыру күні 20____ жылғы «__»______________


 

6-қосымша        

«Туристік операторлық қызметті  
(туроператорлық қызмет) жүзеге  
асыруға лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
Нысан

Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.01.2016 № 78 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда) немесе көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының №__ бөлімі
_____________________________________________________________________
(мекенжайы көрсетілсін)
мемлекеттік қызмет көрсетуге ________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы мемлекеттік
_____________________________________________________________________
көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес көрсетілсін)
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген
тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1)____________________________________________________________;
2)____________________________________________________________;
3)________________________________________ ұсынбауыңызға
байланысты құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр бір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
_________________________________________________________ ___________
(«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»     (қолы)
коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерінің
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Орындаушы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)_____________
Телефон: ____________________________________________________________
Алды: _______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетілетін
қызметті алушының қолы)

20__ жылғы «___» _________.