Февраль 22, 2017

Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және

«Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығы).

 

         

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
     

        

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берілген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдағанының растау ретінде өтінішті қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, қабылдау күні көрсетілген, еркін нысандағы талонды беру болып табылады.


 

Қосымша  

«Туристік, оның ішінде туристік әлеует,
туризм объектілері және туристік қызметті
жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша 

 

Нысан

__________________________________________
(көрсетілген қызметті берушінің атауы)
__________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм
объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар
туралы ақпаратты беруге өтініш

 

Сізден туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм
объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы
ақпаратты беруді сұраймын.
Электрондық поштасы____________________________________________
Телефондары____________________________________________________
Факс___________________________________________________________
Қызметті жүзеге асыру мекенжай(лар)ы___________________________
(пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді
_______________________________________________________________
мекен көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық
мекеменің нөмірі)
Осымен барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға кез келген ақпаратты жіберуге болатыны
расталады.
Көрсетілетін қызметті алушы____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөр орны (мөр болған жағдайда)
Толтырылған күні: 20 ____ жылғы «___» _________